• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Артқа

Ақтау

Баку – Ақтау әуебилеттері!

Бакудан (GYD) Ақтауға (SCO)  FlyArystan тікелей рейстерімен тиімді бағамен және ыңғайлы Airbus A320 ұшақтарымен саяхаттаңыз, рейстер әр дүйсенбі және жұма күндері орындалады. Билеттер 2025 ж 29 наурызына дейін ұшатын рейстерге қолжетімді. Астана, Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларына ұшатын рейстермен ыңғайлы түйісетін рейстеріміз бар. 

Бакудан Ақтауға "Стандарт Плюс" және "Комфорт" тарифтік топтамалар бағасының төмендегені туралы хабарлауға қуаныштымыз. Өзіңізге керектісін таңдаңыз - 10 кг қолжүгі бар топтама немесе 20 кг жолжүгі бар топтама. 

Баку - Ақтау ұшағына билеттерді брондап, жарты сағатта Батыс Қазақстанның теңіз орталығын тамашалауға мүмкіндігіңіз бар.

Ақтау - Каспий теңізінің жағасында орналасқан Маңғыстау облысының ірі өнеркәсіп орталығы. Мұнда елдегі жалғыз теңіз порты, ұзын жағажайлар және әлемде теңдесі жоқ табиғи көрікті жерлері бар. Соңғы жылдары Ақтау өнеркәсібін туризм индустриясы көбірек қысып бастады. Теңіз жағасында орналасқандығынан, қаланың ұзын теңіз жағалауында жоғары бағаланған мейрамханалары, қонақ үйлер мен ойын-сауық орталықтары көбейіп келеді.

Маңғыстаудың табиғатына ерекше көңіл бөлу керек. Миллиондаған жылдар бұрын бұл аймақ ежелгі «Тетис» мұхитының  түбінде болған. Бұған әлі күнге дейін тауылып жатқан теңіз тұрғындарының қалдықтары дәлел. Жартасты аңғарлар, шатқалдар, шөлді далалар және түйелер. Бұлардың бәрі Маңғыстаудың табиғатын құрайды. Ішкі туризмнің дамуымен Маңғыстауда қазір клиптер мен фильмдер белсенді түрде түсіріліп жатқан орынға айналды.

FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Ақтауға дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.

Бізбен саяхаттың артықшылықтары

FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana - ның еншілес кәсіпорны болып табыламыз. Біз техникалық қолдауды, қауіпсіздік қолдауды, оқытуды, жүйелер мен қызметтерді Air Astana авиакомпаниясынан аламыз.

Біз өз қызметімізді 2019 жылдың мамыр айынан жүргіземіз. Бүгін Алматыда, Астанада, Атырауда, Ақтауда және Шымкентте Airbus A320 CEO мен NEO ұшақтарының заманауи парктерінде негізделген қазақстандық және шетелдік арзан бағалы желістерін басқарамыз.

Жолаушылар максималды жайлылықты тиімді бағамен алады да, бізбен ұшудың келесі артықшылықтарын атап өтеді: төмен тарифтер, заманауи ыңғайлы ұшақтар, қосымша қызметтердің кең тандауы.

Билетті қалай тиімдірек сатып алуға болады?

Делдалдар мен туристік агенттіктерден әуе билетін сатып алғанда, сіз комиссиялық және қосымша төлемдер түрінде артық төлеуіңіз мүмкін. Смартфоныңызбен FlyArystan қосымшасын немесе осы ресми сайтты пайдалануды ұсынамыз. Классикалық әуекомпаниялардың билеттері лоукост компанияға қарағанда қымбаттырақ болады. Себебі, мұнда жолаушы барлық қажетті қосымша қызметтерді таңдау мүмкіндігі бар: багажды, борттағы тамақтануды, сүйікті орынды таңдауды және т.б. Солай рейс құнын өз бетінше анықтайсыз.

Билеттерді алдын ала және екі бағытта брондау ұсынылады. Бұл сапарыңызды одан да тиімді етеді.

Ақтаудың маңызды орындары

Ақтаудың ең танымал көрікті жерлері:

  • Меловой шамшырағы. Маяк тұрғын үйдің төртінші қабатында орналасуымен танымал.
  • Ақтау жағалауы. Теңізге және күннің батуына қарайтын жақсы бағаланған мейрамханалары бар теңіз бойындағы ұзақ серуендеу алаңы.
  • Үстірт. Құрғақ теңіз түбінде орналасқан шынайы бор каньондары бар үлкен аумақ. Марс пейзажының ортасындағы құнды табиғаттың көрікті жері.
  • Бекет-Ата және Сұлтан-Епе қорымдары. Сопылық пайғамбарлардың кесенелері және жерасты мешіттері.
  • Қасиетті Шерғала тауы. Биіктігі 307 метр, киіз үй түріндегі әктас тау. Тау теңіз тұрғындарының қалдықтарынан пайда болған түрлі-түсті жолақтармен ерекшеленді.

Әуежайдан қала орталығына қалай жетуге болады?

Рейстер Ақтау халықаралық әуежайына қосылған. Ол қаладан 26 шақырым жерде орналасқан. Әуежайдан орталыққа автобуспен 350 теңге ($0,8) немесе таксимен 2000 теңгеден ($4 - 5) жетуге болады.

Билеттерді брондау

Билетті брондау үшін iOS-ке арналған FlyArystan мобильді қосымшасын пайдаланыңыз: https://clck.ru/WxvbZ және Android-ке арналған қосымша: https://clck.ru/Wxvi4 немесе flyarystan.com веб-сайтында сапарыңызды брондаңыз.

Cілтеме арқылы Қазақстанға кіру талаптарымен алдын ала танысуды сұраймыз.

Сатып алу

Күн

calendar