Кутаиси
Нұр - Сұлтаннан (NQZ) Кутаисиге (KUT) FlyArystan тікелей рейстерімен және ыңғайлы Airbus A320 ұшақтарымен саяхаттаңыз.
FlyArystan Қазақстанның астанасын Кутаисимен байланыстырады. Астана - Кутаиси ұшағына билетті брондап, сіз 3 сағатта 2400 шақырымды басып өтіп, Грузияның басты тарихи және мәдени қалаларының бірін тамашалай аласыз.
Кутаиси – Грузияның батысындағы қала, Имерети аймағының маңызды тарихи және экономикалық орталығы. Қаланың атауы грузиннің «тас» сөзінен шыққан, ол қала Риони өзенінің жартасты жағында тұрған ежелгі дәуірге қатысты. Кутаиси халқы оң және сол жағалау болып екіге бөлінеді. Тарихи оң жағалау ежелгі Грузияның көңіл-күйін сақтайды, ал сол жағында заманауи сәулет және бизнес инфрақұрылымы бар.
200 мың тұрғыны бар бұл шағын қала – ыңғайлы транзиттік нүкте. Бұл жерден Батуми, Тбилиси, Местиа және Вардзияға жету оңай. Ал Кутаисимен танысып, оның негізгі көрікті жерлерін көруге 1-2 күн жеткілікті. Осы уақыт ішінде қонақ елдің мәдениетімен танысып үлгереді, өйткені бұл грузин ұлтының тарихи астанасы.
FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Кутаисиге дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.
FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana - ның еншілес кәсіпорны болып табыламыз. Біз техникалық қолдауды, қауіпсіздік қолдауды, оқытуды, жүйелер мен қызметтерді Air Astana авиакомпаниясынан аламыз.
Біз өз қызметімізді 2019 жылдың мамыр айынан жүргіземіз. Бүгін Алматыда, Астана да, Атырауда, Ақтауда және Шымкентте Airbus A320 CEO мен NEO ұшақтарының заманауи парктерінде негізделген қазақстандық және шетелдік арзан бағалы желістерін басқарамыз.
Жолаушылар максималды жайлылықты тиімді бағамен алады да, бізбен ұшудың келесі артықшылықтарын атап өтеді: төмен тарифтер, заманауи ыңғайлы ұшақтар, қосымша қызметтердің кең тандауы.
Әуе билетін комиссиясыз және артық төлемсіз сатып алу үшін телефоныңызға FlyArystan қосымшасын жүктеп қолдануға немесе осы ресми сайтты пайдалануды ұсынамыз. Классикалық авиакомпанияларға қарағанда лоукост әуе билеттерінің бағасы әлдеқайда төмен. Жолаушылар барлық қажетті қызметтердің тізімінің таңдай алады: багажды тасымалдау, бортта тамақтандыру, орын таңдау және басқа да қызметтер. Осылайша, әуе билетінің құнын өзіңіз анықтайсыз.
Билеттерді алдын ала және екі бағытта брондау ұсынылады. Осылайша, сіз сапарыңызды одан да тиімді етесіз.
Кутаиси әуежайынан Батумиге немесе Тбилисиге Georgianbus және OmnibusExpress автобустарымен жетуге болады.
Автобустар рейстердің келу уақытына байланысты қатаң түрде кестеге сәйкес жүреді. Автобус билеттерін тікелей компанияның веб-сайттарынан немесе әуежай кассаларынан сатып алуға болады.
Сапардың бағасы рейс уақытына байланысты.
Жергілікті такси қызметтері әуежаймен жұмыс істемейді. Жеке такси қызметтері Батумиге шамамен 40 доллар және Тбилисиге 60-70 доллар тұрады.
Кішкентай өлшеміне қарамастан, Кутаисидің көрікті жерлерін көруге тұрарлық:
Билетті брондау үшін iOS-ке арналған FlyArystan мобильді қосымшасын пайдаланыңыз: https://clck.ru/WxvbZ және Android-ке арналған қосымша: https://clck.ru/Wxvi4 немесе flyarystan.com веб-сайтында сапарыңызды брондаңыз.
Cілтеме арқылы Грузияға кіру талаптарымен алдын ала танысуды сұраймыз.