Бішкек
Көркем Қырғызстанға Астанадан (NQZ) Бішкекке (FRU) ұшатын FlyArystan тікелей рейстермен, ыңғайлы Airbus 320 ұшақтарымен саяхаттаңыз.
Астана мен Бішкек арасындағы маусымдық тікелей рейстер 2024 ж. 16 маусымы мен 27 тамызы аралығында аптасына 2 рет сейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Елордалар арасындағы қашықтық 954 шақырымды құрайды, оны 1 сағат 45 минутта ұшып өтуге болады. Ал Бішкектен Қырғызстанның табиғи көрікті жерлеріне бару үшін сізге одан да аз уақыт керек!
Бішкек – Қырғызстанның астанасы, Тянь-Шань тау жоталарының етегінде орналасқан елдің ең ірі және ең көп халқы бар қаласы. Алаңдарға, саябақтарға, өсімдікке толы Бішкек көптеген көрікті жерлерге ие және халықаралық туризм орталығы болып табылады. Бішкекті көргеннен кейін туристтер Қырғызстанның әр түкпіріне барады, олар: Ыстықкөл, Тянь-Шань тауы, Қаракөл шаңғы базасы. Осы орындардың бәріне бара отырып, туристтер «жарнамадағыдай!» деп сипаттайтын осы шағын елдің көркем пейзажын тамашалай аласыз.
FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Бішкекке дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.
Бішкектің көру-керек орындары
Қаланың ең танымал жерлерін тізімдейміз:
Бішкектің климаты: саяхаттың ең қолайлы уақыты қашан?
Бішкектің жазы ыстық және құрғақ. Температура 31°C дейін жетуі мүмкін.
Қысы сәл суық. Температура - 8°C дейін төмендеуі мүмкін.
Қырғызстан таулы аймақта орналасқандықтан және теңізге шықпағандықтан, мұнда жыл бойы саяхаттаған жақсы. Суық мезгілде тау шаңғысы курорттарына барып, альпі пейзаждарын тамашалай аласыз, ал жылы мезгілде Ыстықкөлде шомыла аласыз, тауда киіз үйде түнеп, қалаларды аралай аласыз.
Әуежайдан Бішкектің орталығына қалай жетуге болады?
Манас әуежайынан қала орталығына №380 таксимен 40 сомға немесе таксимен 400 сомнан жетуге болады. Орталық аймақтарға бару уақыты 25-30 минут.
Бізбен саяхаттың артықшылықтары
FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana - ның еншілес кәсіпорны болып табыламыз. Біз техникалық қолдауды, қауіпсіздік қолдауды, оқытуды, жүйелер мен қызметтерді Air Astana авиакомпаниясынан аламыз.
Біз өз қызметімізді 2019 жылдың мамыр айынан жүргіземіз. Бүгін Алматыда, Астанада, Атырауда, Ақтауда және Шымкентте Airbus A320 CEO мен NEO ұшақтарының заманауи парктерінде негізделген қазақстандық және шетелдік арзан бағалы желістерін басқарамыз.
Жолаушылар максималды жайлылықты тиімді бағамен алады да, бізбен ұшудың келесі артықшылықтарын атап өтеді: төмен тарифтер, заманауи ыңғайлы ұшақтар, қосымша қызметтердің кең тандауы.
Билетті қалай тиімдірек сатып алуға болады?
Билеттерді тікелей және артық төлемсіз сатып алу үшін iOS және Android смартфондарына арналған FlyArystan қосымшасын немесе ресми сайтты пайдалануды ұсынамыз. Бізбен саяхаттағанда, сапарыңыз тиімдірек болады. Біздің жолаушылар қажетті қызметтердің толық тізімін таңдай отырып, рейстің соңғы құнын өздері анықтайды.
Әуе билеттерді екі жаққа және алдын ала брондасаңыз, саяхатыңыз одан да арзан болады.
Cілтеме арқылы Қырғызстанға кіру талаптарымен алдын ала танысуды сұраймыз.