Баку
Ақтаудан (SCO) Бакуға (GYD) FlyArystan тікелей рейстерімен және ыңғайлы Airbus A320 ұшақтарымен саяхаттаңыз, рейстер әр сәрсенбі және жексенбі күндері; қараша-наурыз айларында дүйсенбі және жұма күндері орындалады.
FlyArystan Қазақстан мен Әзірбайжанның жағалық екі қаласын байланыстырады. Ақтау – Баку билеттерін брондап, Каспий теңізі арқылы жарты сағатта ұшып, «Шығыс Парижін» көре аласыз.
Баку – заманауи мегаполистің динамикасы мен бай шығыс мәдениетінің біріктіретін қала. «Желдер қаласы» деп те аталатың, ол Каспий теңізінің жағалауында орналасқан. Барлық мерзімде жұмсақ жылы климатымен жағажай демалысына да, ежелгі тар көшелермен белсенді серуендеуге де қолайлы. Ол өзінің ішінде мыңдаған жылдар бойы тұрған сәулетпен заманауи ғимараттарды біріктіреді.
Баку француз стилінде, бірақ шығыс, шөлді реңктерде салынған үйлері үшін «Шығыс Парижі» деген атқа ие. Бакудың аспазы да Париждікінен кем түспейді. Мұнда сізге жоғары бағаланған атақты Баку уылдырығы мен кавказ тағамдарының жомарт, балғын порциялары ұсынылады.
Жақындығына қарамастан, Ақтау-Баку рейстері Каспий теңізі арқылы өтетін паромдарға қарағанда арзанырақ және жылдамырақ.
FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Бакуға дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.
FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana - ның еншілес кәсіпорны болып табыламыз. Біз техникалық қолдауды, қауіпсіздік қолдауды, оқытуды, жүйелер мен қызметтерді Air Astana авиакомпаниясынан аламыз.
Біз өз қызметімізді 2019 жылдың мамыр айынан жүргіземіз. Бүгін Алматыда, Астанада, Атырауда, Ақтауда және Шымкентте Airbus A320 CEO мен NEO ұшақтарының заманауи парктерінде негізделген қазақстандық және шетелдік арзан бағалы желістерін басқарамыз.
Жолаушылар максималды жайлылықты тиімді бағамен алады да, бізбен ұшудың келесі артықшылықтарын атап өтеді: төмен тарифтер, заманауи ыңғайлы ұшақтар, қосымша қызметтердің кең тандауы.
Әуе билетін комиссиясыз және артық төлемсіз сатып алу үшін телефоныңызға FlyArystan қосымшасын жүктеп қолдануға немесе осы ресми сайтты пайдалануды ұсынамыз. Классикалық авиакомпанияларға қарағанда лоукост әуе билеттерінің бағасы әлдеқайда төмен. Жолаушылар барлық қажетті қызметтердің тізімінің таңдай алады: багажды тасымалдау, бортта тамақтандыру, орын таңдау және басқа да қызметтер. Осылайша, әуе билетінің құнын өзіңіз анықтайсыз.
Билеттерді алдын ала және екі бағытта брондау ұсынылады. Осылайша, сіз сапарыңызды одан да тиімді етесіз.
Қаланың ең танымал көрікті жерлері:
Ақтау – Баку рейсі Гейдар Әлиев халықаралық әуежайына келеді. Елорданың орталығына қоғамдық көлік пен такси арқылы жетуге болады.
№Н1 автобуспен «Көроғлы» орталық метро станциясына 0,78 долларға жетуге болады. Саяхат әуежайға кіре берісте сатып алынатын BakuCard (BakiKart) арқылы төленеді.
Сіз бір реттік және қайта пайдалануға болатын картаны сатып ала аласыз. Бір реттік картаны 45 күн ішінде 4 рет пайдалана аласыз немесе бірден бірнеше адамның жолын төлей аласыз.
BakuCard автоматтары тек әзірбайжандық манаттарды және тек шағын купюраларды қабылдайды. Әуежайда ақша айырбастауды / алуды ұмытпаңыз.
Сапардың ұзақтығы - 30 минут.
Сондай-ақ керек жерге 12–20 долларға «баклажан» қалалық таксисімен немесе орташа есеппен 30% арзан Uber арқылы жетуге болады.
Билетті брондау үшін iOS-ке арналған FlyArystan мобильді қосымшасын пайдаланыңыз және Android-ке арналған қосымша немесе FlyArystan веб-сайтында сапарыңызды брондаңыз.
Cілтеме арқылы Әзірбайжанға кіру талаптарымен алдын ала танысуды сұраймыз.