МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
FlyArystan әуекомпанияның ___ ______ 20__ жылғы FS ___ рейсіне қатысты төтенше жағдай орын алғанын өкінішпен растайды.
Жолаушыларымыздың, экипаждың және олардың отбасыларының қауіпсіздігі мен қолдау сезінуін қамтамасыз ету біздің басты құндылығымыз болып қала береді.
Туыстары мен жақындары үшін
• Сенім телефоны: Ақпарат алу үшін +7 727 244 55 52, 8 800 080 0440 нөмірі бойынша бізге хабарласыңыз.
• Көмек орталықтары: Біздің қолдау орталықтарымыз келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:
Ресми ақпарат
Сенімді ақпарат осы сайтта және әлеуметтік желілердегі біздің ресми парақшаларымызда жарияланатын болады:
БАҚ сұрақтары бойынша pr@flyarystan.com хабарласуыңызды сұраймыз
Орталық Азияның ең танымал бағыттарының бірі Үргенішке Қазақстаннан тікелей рейстермен саяхаттаңыз.
Алматы (ALA) – Үргеніш (UGC) рейстері 2026 жылғы 3 қыркүйек – 22 қазан аралығында, аптасына екі рет — бейсенбі және жексенбі күндері, заманауи Airbus A320 ұшақтарымен орындалады.
Үргеніш — Өзбекстанның ең көне қалаларының бірі, Хорезм аймағында орналасқан. Бұл өңірдің тарихы мыңдаған жылдарға созылып, терең тамыр жайған бай өркениетке ие. Қала Ұлы Жібек жолының маңызды орталықтарының бірі болып, өңірдегі сауда мен мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосқан.
Бүгінде Үргеніш — заманауи қала, ол ежелгі Хиуа оазисіне апаратын қақпа қызметін атқарады және Хорезм өркениетінің тарихи мұрасын сақтап келеді. Қала маңында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген бірегей тарихи ескерткіштер, соның ішінде сәулет өнерінің інжу-маржаны саналатын көне Хиуа қаласы орналасқан.
Бұл өңір бай мәдени мұрасымен, дәстүрлі қолөнерімен және ғасырлар бойы Хорезмнің келбетін қалыптастырған ғылыми әрі өнер мектептерінің тарихымен танымал.
Билетті тікелей және делдалдық төлемсіз сатып алу үшін iOS және Android смартфондарына арналған FlyArystan қосымшасын жүктеп алуды немесе ресми сайтты қолдануды ұсынамыз. Бізбен саяхаттағанда, әуе билетіңізде үнемдейсіз, бұл сіздің шығындарыңыздың маңызды бөлігі болуы мүмкін. Біздің жолаушылар қажетті қызметтердің толық тізімін таңдай отырып, рейстің соңғы құнын өздері қалыптастырады.
Билеттерді екі жаққа, алдын ала брондау ұсынылады. Бұл сіздің сапарыңызды одан да тиімді етеді.
Маңызды ақпарат: Арнайы рұқсатсыз Өзбекстан аумағына ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды), оның ішінде әуесқой видео түсірушілерге арналған үлгілерді де әкелуге және пайдалануға тыйым салынған. Тек камерасыз, салмағы 250 г аспайтын ойыншық дрондарды алып кіруге болады. Рұқсатсыз дрон анықталған жағдайда, ол кеден органдарымен тәркіленетінін ескертеміз.
Үргеніште қандай жерлерді көруге болатынын білмейсіз бе? Сіздерді біздің шағын гидпен танысуға шақырамыз.
Жүктеп алу үшін қажет қолданбалар
Maps.me — Өзбекстанның кез келген қаласы үшін навигатор.
Railway.uz - қалааралық пойыз билеттерін сатып алу үшін
Қонақ үйлерді, жатақханаларды booking.com сайтынан табуға болады.
Өзбекстанда ақша бірлігі өзбек сумы болып табылады. Мекемелер карталарды қабылдайды, бірақ такси ақысын төлеу үшін және дүкеннен немесе базардан тауар сатып алғанда әрқашан жаныңызда жергілікті қолма-қол ақша болуын ұсынамыз. Бұхара сияқты қалаларда қолма-қол ақшаға басымдық беріледі және карталар сирек жағдайларда және жерлерде ғана қабылданады.
Cілтеме арқылы Өзбекістанға кіру талаптарымен алдын ала танысуды сұраймыз.
Рейс күні
Too Many Request