Баку
Ақтаудан (SCO) Бакуға (GYD) FlyArystan тікелей рейстерімен және ыңғайлы Airbus A320 ұшақтарымен саяхаттаңыз, рейстер әр дүйсенбі және жұма күндері орындалады. Билеттер 2025 ж. 28 наурызына дейін ұшатын рейстерге билеттер сатылымда.
Баку қаласынан небәрі 120 км қашықтықта альпака фермасы бар екенін білесіз бе? Мына жерде толығырақ.
Аймақтың тағы бір інжу-маржаны "Шығыс Парижі" қазақстандықтарға Ақтаудан Бакуға тікелей рейс арқылы қолжетімді болды. Әзірбайжанның шуақты, жағалаулы, тарихи, гастрономиялық астанасы қонақтарды жылы қарсы алып, өзінің бай мәдениетін көрсетеді.
Баку – бай шығыс мәдениеті бар динамикалық мегаполис. Ол теңіз климаты мен желдері үшін «Желдер қаласы», сондай-ақ француз сәулет өнеріне ұқсастығы үшін, бірақ шығыстық көрінісі үшін «Шығыстың Парижі» деп те аталады. Ұшақ сізді барлық маусымда жұмсақ жылы климаты бар Каспий теңізінің жағалауына апарады. Мұнда сіз жақсы жағажай демалысын өткізе аласыз және ерекше жаңа сәулет пен мыңжылдық тарихи ғимараттар араласқан ежелгі тар көшелерде серуендей аласыз.
Әзірбайжан асханасы демалыспен тамаша үйлеседі. Мұнда сіз кавказ тағамдарының, теңіз өнімдерінің, шараптардың және атақты Баку уылдырығының дәмін тата аласыз.
FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Бакуға дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.
FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana - ның еншілес кәсіпорны болып табыламыз. Біз техникалық қолдауды, қауіпсіздік қолдауды, оқытуды, жүйелер мен қызметтерді Air Astana авиакомпаниясынан аламыз.
Біз өз қызметімізді 2019 жылдың мамыр айынан жүргіземіз. Бүгін Алматыда, Астанада, Атырауда, Ақтауда және Шымкентте Airbus A320 CEO мен NEO ұшақтарының заманауи парктерінде негізделген қазақстандық және шетелдік арзан бағалы желістерін басқарамыз.
Жолаушылар максималды жайлылықты тиімді бағамен алады да, бізбен ұшудың келесі артықшылықтарын атап өтеді: төмен тарифтер, заманауи ыңғайлы ұшақтар, қосымша қызметтердің кең тандауы.
Билетті тікелей және артық төлемсіз сатып алу үшін смартфонға арналған FlyArystan қолданбасын немесе осы ресми сайтты пайдалануды ұсынамыз. Баку әуе билетінің бағасы лоукост компаниядан классикалық авиакомпанияларға қарағанда айтарлықтай төмен. Мұнда жолаушылар қажетті қызметтердің толық тізімін таңдай алады: багажды тасымалдау, борттағы тамақтану, орын таңдау және т.б. Осылайша, әуе билетінің құнын өзіңіз анықтайсыз.
Билеттерді алдын ала және екі бағытта брондау ұсынылады. Осылайша, сіз сапарыңызды одан да тиімді етесіз.
Қаланың ең танымал көрікті жерлері:
Қазақстан - Баку ұшақтары Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайға ұшып келеді. Орталық аудандарға қоғамдық автобус пен такси арқылы жетуге болады.
H1 автобусымен сіз «Көроглу» орталық метро станциясына 0,78 долларға жете аласыз. Сапар 30 минут созылады.
Автобустағы жолақы BakuCard (BakiKart) картасы арқылы төленеді. Оны әуежайдың кіре берісіндегі BakuCard автоматтарынан сатып алуға болады. Олар тек әзірбайжан манаттары және ұсақ банкноттарды ғана қабылдайды. Әуежайда ақшаны алдын ала айырбастауды/алуды ұсынамыз.
Құрылғыда бір реттік және қайта пайдалануға болатын карталар бар. Бір реттік картаны 45 күн ішінде 4 рет қолдана аласыз немесе бірнеше адамның жолын төлеуге болады.
Қажетті орынға қалалық такси «баклажан» арқылы 12–20 долларға немесе 30% арзан Uber арқылы жетуге болады.
Билетті брондау үшін iOS-ке арналған FlyArystan мобильді қосымшасын пайдаланыңыз: https://clck.ru/WxvbZ және Android-ке арналған қосымша: https://clck.ru/Wxvi4 немесе https://flyarystan.com веб-сайтында сапарыңызды брондаңыз.
Cілтеме арқылы Әзірбайжанға кіру талаптарымен алдын ала танысуды сұраймыз.