FlyArystan барлық жолаушылар ұшу кезінде барынша жайлы сезінетіндей жағдай жасауды көздейді. Сапалы көмек көрсетуге дайын болуымыз үшін барлық қажетті ақпаратты берулеріңізді сұраймыз.
ҚР ИИДМ №540 бұйрығы «Жолаушыларды тасымалдау тәртібінің» 2-бөлімі 15 тармағына сәйкес жолаушы немесе тұлға жолаушы атынан тасымалдауға брондау жасағанда төмендегі жағдайларда рейске 5 күнтізбелік күн қалғанда әуекомпанияға ақпарат береді:
Осы ақпаратты алғаннан кейін 1), 4), 5), 7), 8), 9), және 10) тармақшаларында қарастырылған жағдайларда әуе кемесінің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты тасымалдаудың орындалуын қамтамасыз ету мүмкін болмаса әуекомпания жолаушыға 24 сағат ішінде тасымалдаудан бас тартатынын хабарлайды.
Арнайы көмек көрсетуге сұранымды special.services@flyarystan.com электронды мекен-жайына жіберіңіздер. Расталған арнайы қызметі бар жолаушының ұшып шығу күнін өзгеруту кезінде жолаушыға ұшудың өзгертілген күніне қайтадан қызметті растау және сатып алу қажет болады.
Спорттық жабдықты онлайн немесе Брондауды өзгерту немесе әуежайда тіркеу бөлімінде сатып алуға болады.*
*Спорттық жабдықтар қызметі әуежайда сатып алған жағдайда ішкі бағыттарда 5000 теңге, халықаралық бағаттарда 20 еуро көлемінде арнайы қызмет көрсету ақысы алынады.
Қозғалуы қиын жолаушылар
Кей жолаушыларға тіркеу орындарынан ұшаққа жету қиындық тудырады. Қозғалысы шектеулі жолаушыларға біз түрлі көмек ұсына аламыз. Егер қозғалысыңыз шектеулі болса, бізге қоятын талаптарыңызды ескере отырып, төменде келтірілген тізімнен ерекше қызмет көрсетуге дайындалуымыз үшін, FlyArystan әуекомпаниясының арнайы қызмет көрсету бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз (special.services@flyarystan.com).
Ұшуға дейін және ұшудан кейін біздің ықыласты және қамқор бортсеріктеріміз сізге келесі көмек түрлерін көрсете алады.
Келесі кресло-арбалар түрлері:
Егер сіздің өзіңіздің жылжымалы креслоңыз болса
Жылжымалы креслолар тек тіркелген багаж ретінде тасымалданады. Жылжымалы креслолар тегін тасымалданылады, орнатылған жүк нормасынан тыс.
Біз алдын-ала қажетті өкім беру үшін және болжамалы қолайсыздықтардың алдын-алу үшін жеке жылжымалы креслоларымен сапар шегетін жолаушылар бізге алдын-ала хабарласулары керек, ол үшін сәйкесінше өтінішті special.services@flyarystan.com мекен-жайы бойынша кемінде ұшуға 24 сағат бұрын жіберу керек. Біз өтінішіті қарастырып, әуекемде жеткілікті орын болса және төмендегі ережелер сақталатын болса міндетті түрде оң жауабын береміз.
Мұндай түрдегі креслолар шектеусіз тасымалданылады.
- Ақпайтын және литийлі батареяның көмегімен іске қосылатын мүгедек арбалары (литийлі батраеяларда тиісті тәжірибелер мен тесттерден өтіп, тиісті түрде сертификатталған екені көрсетілуі керек).
Егер арбаның құрылымы бойынша пайдаланушы арбаның батареясын бөлек ала алса, төмендегі шараларды орындауы қажет:
Егер арбаның құрылымы бойынша пайдаланушы арбаның батареясын бөлек ала алмаса, төмендегі шараларды орындау қажет:
- Электролитті батареямен іске қосылатын мүгедек арбасы.
Егер тік қалпында тиеу/түсіру мүмкін болса, батареяны арбадан ажыртпауға болады. Соған қарамастан төмендегі шараларды орындау қажет:
Егер тік қалпында тасымалдау мүмкін ЕМЕС болса, батареяны ажырату қажет. Осыдан кейін жылжымалы кресло шектеусіз тасымалданады, ал ажыратылған батарея герметикалық және электролитке төзімді, қатты жиынтық орамада тасымалдануы керек.
Сонымен қатар:
FlyArystan рейстерінде оттегі қаптарын, баллондарды және генераторларды тасымалдауға тыйым салынады. Жолаушылар тек оттегінің жеке концентраторларын алып жүре алады. Жеке оттегі концентраторЛАРЫН тасымалдау туралы ақпаратты FlyArystan арнайы қызмет бөліміне (special.services@flyarystan.com) ұшуға дейін кемінде 24 сағат бұрын тапсыру керек.
Рұқсат етілген ОЖК:Балдақтар, имек таяқтар, гипстер
FlyArystan әуекомпаниясы техникалық сипаттамаларына байланысты зембілдегі жолаушыларды тасымалдай алмайды.
Көру және есту қабілеті нашар адамдар
FlyArystan әуекомпаниясы барлық жолаушылардың өздерін барынша жайлы әрі емін-еркін сезінуін қамтамасыз етуге ұмтылады. Көру қабілеті төмен жолаушылар FlyArystan компаниясының рейстерінде өз қызметтік иттерімен қосымша төлемсіз сапар шеге алады. Мұндай иттер жолаушылардың рұқсат етілген жүк бөлігі болып есептелмейді. Арнайы үйретілген қызметтік иттің жолаушылар салонына кіріп, иесінің қасында отыруына рұқсат берілген, итке тұмсық тор кигізу міндетті. Жолаушы өзімен бірге қажетті ветеринарлық құжаттар мен иттің сертификаттарын алып жүруі қажет. Бұл туралы саяхаттар бюросының агентіне алдын-ала немесе тиісті ақпаратты біздің арнайы қызмет көрсету бөліміне (special.services@flyarystan.com) сапардың басталуына дейін 24 сағат бұрын хабарлауыңызды сұраймыз.
Рейске тіркеуді өткен кезде, біздің персонал есту қабілеттері төмен жолаушыларға қамқорлықпен көмек қамтамасыз етеді. Бұл туралы саяхаттар бюросының агентіне алдын-ала немесе мұндай көмек қажеттігі туралы біздің арнайы қызмет көрсету бөліміне (special.services@flyarystan.com) сапардың басталуына дейін хабарлауыңызды сұраймыз.
Болашақ аналар
Жетелеушісі жоқ балалар
Ішкі бағыттарда қызмет құны - 9 500 теңге.
6 жастан 15 жасқа дейінгі жетелеушісі жоқ балалар ретінде ата-анасымен бірге емес және қандай да бір жолаушыға тапсырылмаған балалар ішкі және халықаралық рейстерде тасымалданады.
6 жастан кіші балаларды жетелеушісіз тасымалдауға қабылдамайды.
Қызмет тоғыспалы рейстерде ұсынылмайды.
Жетелеушісі жоқ баланы тасымалдау қызметін әуебилетті сатып алатын кезде немесе әуебилетті сатып алғаннан кейін, бірақ ұшып шығуға кемінде 24 сағат қалғанда, FlyArystan байланыс орталығының +7 727 331 10 10 нөмірі немесе туристік агенттіктер арқылы растап, қосымша сатып алу керек. Егер баланың әуебилетін өзгерту қажет болса, жетелеушісі жоқ баланы тасымалдау қызметі автоматты түрде басқа күнге өзгертілмейді. Ол үшін FlyArystan байланыс орталығының +7 727 331 10 10 нөміріне қоңырау шалып немесе туристік агенттікке хабарласып, жетелеушісі жоқ баланы тасымалдау қызмет көрсетілетін күнін өзгерту мүмкіндігін растау керек.
Назар аударыңыз, жетелеушісі жоқ баланы тасымалдау қызметі бала билетінің құнына қосымша төленеді. Қызметтің құнымен сіз осында таныса аласыз.
Жетелеушісі жоқ балалар ұшуға тек ата-анасы/шығарып салатын кісі әуежайдағы FlyArystan өкілімен берілетін кәмелетке толмаған баланы жетелеушісіз тасымалдау туралы өтініш бланкісін толтырып, қол қойғаннан кейін жіберіледі. Өтінішке ұшар алдында баланы ертіп жүруге жауапты ересек адам туралы ақпарат, және балаға жауапты болып, оны әуежайдан алып кететін ересек адам туралы ақпарат жазылады.
Егер баланы шығу пунктіне жеткізуге жауапты ересек адам осы баланың анасы, әкесі, немесе заңды қамқоршысы болмаса, жауапты адамға баланы тапсыруға оның құқығын растайтын нотариалды түрде расталған ата-анасынан/заңды қамқоршысынан құжаттың тұпнұсқасы және оның жеке куәлігінің тұпнұсқасы болуы керек.
Егер Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматы Қазақстан Республикасынан жетелеушісісіз шыққан жағдайда, оның паспортынан басқа Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматының кету мерзімін және өзі баруға ниет білдірген мемлекетті (мемлекеттерді) көрсете отырып, ата-анасының, асырап алушыларының, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының кәмелетке толмаған азаматтың мемлекеттен шығуына нотариалды ресімделген келісімі болуы қажет.
Қызмет туралы толығырақ:
Қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, егер ұшу уақыты (ұшып шығу қаланың уақыты бойынша) сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00 уақыт аралығында болса, онда жетелеушісі жоқ балалар FlyArystan әуекомпаниясының рейстеріне, басқа рейс болмаған жағдайда да, қабылданбайды.
Жетелеушісі жоқ бала рейске тіркелу үшін ұшуға дейін 2 сағат бұрын әуежайға келуі тиіс, себебі тасымалдау туралы құжаттарды тексеру және толтыру процедурасы көбірек уақыт талап етеді.
Жануарларды тасымалдау
Жануарлар қосымша ақыға тасымалданады. Тасымалдау тарифтерімен сілтемені басып таныс болыңыз.
Бұл сіздің кішкентай досыңызбен бірге өткізетін отбасылық демалысыңыз болсын немесе жануарды жаңа мекен-жайына тасымалдау болсын, FlyArystan әуекомпаниясы жолаушылардың үй жануарларын ұшақ бортында тасымалдау мүмкіндігінің болуының қаншалықты маңызды екендігін жете түсінеді. Біздің негізгі мақсатымыз сіздің сапарыңызды қауіпсіз және жануарыңыз үшін ыңғайлы қылу болып табылады.
Мұндағы біздің ең алғаш міндетіміз – жануарларға барынша жайлылықпен қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету болып табылады.
Саяхатқа үй жануарларымен шыққан жолаушылар 1-қатардан және апаттық шығу есігі бар қатардан орындарды сатып ала алмайды. Бір қатарда жануарды ұшақ бортында тасымалдау қызметті растаған бір жолаушыға ғана отыруға рұқсат етіледі.
FlyArystan жолаушыларына ұшақ салонына шағын мысықтарды, иттерді және тасбақаларды (8 кг-ға дейін) (PETC) алып жүруге рұқсат етіледі.
8 кг-нан асатын мысықтар мен иттерді ұшақтың жүк бөлімдерінде тасымалдауға болады (AVIH).
Жануарларды халықаралық бағыттарда тасымалдау
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ИАТА ережелеріне сәйкес қолжүк немесе жүк ретінде тасымалданатын жануарды тіркеу барысында Бақылау тізімі толтырылуы талап етілетініне назар аударуыңызды сұраймыз.
Бақылау тізімі жануардың құжаттары және оны тасымалдауға арналған контейнердің талаптарға сай екендігін растау мақсатында толтырылады.
Жануармен саяхаттайтын жолаушылар үшін алдын-ала ескерілуі тиіс талаптар:
Жануарыңызды тасымалдауға арналған контейнер талаптарға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз, соның ішінде:
Ұшу күні:
Егер авиакомпанияның тасымалдау талаптары, Қазақстан Республикасының ветеринариялық ережелері немесе ұшып кету, ұшып келу елдерінің экспорт-импорт ережелері бұзылса, авиакомпания үй жануарларын тасымалдаудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
Әуекомпанияның бақылауынан тыс мән-жайлардан туындаған физикалық зақымға, жануардың ауруына немесе өліміне жауапты емес. Мұндай жағдайларға жануардың бұрыннан бар денсаулық мәселелері немесе жануарлардың белгілі бір тұқымдарының әуе тасымалдау жағдайларына төзімділік ерекшеліктері жатады. Сонымен қатар, бұл белгілі бір елге кіруге немесе транзитпен ұшуға рұқсаты болмаған жағдайларға қатысты.
Аквариум балықтарын, құстарды және кеміргіштерді ұшақ салонында да, тіркелген жолжүк ретінде де тасымалдауға болмайды. Әуе кемесінің жүк бөлімдерінде құстарды, балықтарды және кеміргіштерді тасымалдауға рұқсат етіледі. Жануарларыңызды тасымалдау үшін cargo@airastana.com.
FlyArystan әуекомпаниясы жануарларды тасымалдау түріне рұқсат беруі үшін жолаушы жануарларды тасымалдау жөніндегі ақпаратты ұсынуы қажет.
Егер сіз FlyArystan бортына жануарлар мен балықтарды алып жүргіңіз келсе, бұл туралы рейсіңізге ұшақтың ұшып шығуына кем дегенде 24 сағат қалғанда, саяхат бюросында сізге қызмет көрсететін агентке хабарлауыңыз қажет немесе FlyArystan компаниясының арнайы қызмет көрсету бөліміне тиісті ақпаратты жіберуіңіз қажет (special.services@flyarystan.com). Әуекомпания қауіпсіздік талаптарына байланысты cұраныс алынған уақытқа қарамастан, оны растамау да құқылы.
FlyArystan компаниясы үй жануарларын тасымалдау кезінде жануарлардың жайлылығын барынша қамтамасыз етуге бар күшін салады. Алайда, FlyArystan жоспарланып отырған тасымалды алдын-ала тіркемей, үй жануарын жолаушыларды тіркеу орнының дәл өзіне алып келудің жөнсіз екендігін ескертеді, себебі, біздің компания жануарыңызды тасымалдауға дайын болмай қалуы мүмкін.
Жолаушылар салонында тасымалданатын жануарлар (PETC)
РЕТС үшін максималды салмақ – контейнер салмағын қосқанда, 8 кг-ды (17 фунт) құрайды. Бір жолаушыға тек бір ғана контейнерді тасымалдауға рұқсат беріледі.
Ұшақ бортындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, контейнердіңең үлкен көлемі 30 x 47 x 27 см болуы тиіс.
Кішкентай иттер мен мысықтарды тасымалдауға жануарларды тасымалдауға арналған арнайы жұмсақ контейнерді пайдалану ұсынылады. Жануарларға арналған мұндай арнайы жол сөмкелерін зоодүкендерден сатып алуға болады. Жануарларды жолаушылар салонында тасымалдауға арналған жұмсақ сөмкелердің басқа түрлерін пайдалануға болмайды (PETC).
Жүк бөлімдерінде тасымалданатын жануарлар (AVIH)
AVIH арқылы жануарларды тасымалдаған кездегі максималды салмақ – контейнер салмағын қосқанда, 50 кг-ды құрайды. Салмағы бұл шектеуден асатын жануарлар жүкретінде, авиациялық жүк қағазын рәсімдей отырып, қабылданады. Салмағы 40 кг-нан асатын жануарларды берікағаш контейнерлерде тасымалдау қажет.
AVIH арқылы тасымалдау кезінде, бір контейнерде бірге тіршілік етуге үйренген, мөлшерлері бірдей болатын екі жануарды алып жүруге болады, әр жануардың салмағы 14 кг-нан артық болмауы тиіс. 14 кг-нан асатын жануарлар жеке контейнерлерге орналастырылады. Бір контейнерде жасы алты айдан аспайтынұяласүш жануардан артық тасымалдауға болмайды.
Тасымалданатынжануарлардыңжасыкемінде 3 ай болуы керек.
Тарифтер жөнінде толық ақпаратты біздің сайттың «Қызметтер мен алымдар» бөлімнен оқиаласыздар. Сұрақтарыңыз болса, бізге төмендегі мекенжай бойынша хабарласыңыз: special.services@flyarystan.com.
Назар аударыңыз! Үндістанға жануарларды әкелуге тыйым салынады. Тек алып кетүге рұқсат беріледі.
Арнайы жабдықтарды тасымалдау
FlyArystan сіздің саяхатыңыздың сәтті өтуі үшін арнайы жабдықтарды тасымалдауға байланысты қызметтің барлық түрлерін ұсынады. Сіз спорттық керек-жарақты қосымша ақы төлеп тасымалдай аласыз. Тасымалдау тарифтерімен сілтемені басып таныс болыңыз.
Спорттық жабдықты онлайн немесе Брондауды өзгерту арқылы сатып алуға болады.
Бір жолаушыға арналған жабдықтың максималды жиынтығы |
|
Шаңғы жабдықтары |
1 сөмкеге салынған жабдық: Бір жұп шаңғы және бір жұп шаңғы таяқтары; |
Сноуборд жабдықтары |
1 сөмкеге салынған жабдық: бір сноуборд; бір жұп етік және бір шаңғы шлемі |
Хоккей жабдықтары |
1 сөмкеге салынған жабдық: бір немесе екі хоккей таяқшасы; 1 сөмкеге салынған жабдық: (коньки жұбы, 1 денені қорғау жинағы, 1 дулыға) |
Велосипедтер* |
1 велосипед |
Гольф жабдықтары |
1 қорапқа салынған жабдық: |
Серфинг тақталары |
1 тақтасы бар 1 корпус |
Каноэ |
1 каноэмен 1 корпус |
Дайвинг жабдықтары** |
1 қорапқа салынған жабдық: |
* Велосипедтерді мықтап орау керек, педальдарды алып тастау және шиналарды сөндіру керек
** Тасымалдау кезінде аквалангтар бос және клапандар ашық болуы керек. Сүңгуір алауының қуатын өшіру керек, шамды және батареяны алып тастау керек және оны тек қол багажында алып жүру керек.
Қаптайтын материал бермейтінімізді ескеруіңізді сұраймыз. Спорттық керек-жарағыңызды жоғарыдағы талаптарға сәйкес буып-түйгеніңізге көзжеткізіңіз. Спорттықкерек-жарақтиістітүрдебуып-түйілмегенболса, онытасымалдауғақабылдамаймыз.
Музыкалық аспаптар мен осал заттар
Сыртқы қабымен бірге жалпы өлшемі 56x23x36 см-ден, салмағы 5 кг-нан аспаса, музыкалық аспап ұшақ салонына қабылданады. Домбыра жоғарыда көрсетілген өлшемдерге сәйкес келмейтіндіктен қолжүк ретінде қабылданбайды. Егер музыкалық аспабыңыздың салмағы 10кг-нан аспай тұрса, Қолжүк қызметімізді пайдаланып, сатып алынған шарттар бойынша ұшақ салонына алып кіруге болады.
Жоғарыдағы өлшемдерге сәйкес келмейтін және тіркелген жолжүк ретінде тасымалдауға жарамайтын музыкалық аспаптарды ұшақ салонында бөлек орын сатып алып сол орында тасымалдауға болады. Музыкалық аспаптың салмағы 30 кг-нан аспауы тиіс. Музыкалық аспап қабының өлшемі 120 х 50 х 30 см-нан аспауы тиіс. Жолаушы / аспап иесі аспапты өз бетімен алып жүруге және орнына бекітуге қабілетті болуы тиіс.
Жолаушылар салонында музыкалық аспаптарды тасымалдау туралы қосымша ақпаратты алу үшін және сұранымдарыңызды жіберу үшін, special.services@flyarystan.com бөліміне немесе FlyArystan байланыс орталығына хабарласыңыз.
Билетті сатып алмас бұрын жолаушы арнайы қызмет бөліміне немесе байланыс орталығына хабарласуы керек
Қаруды тасымалдау
Қару мен оның оқ-дәрілерін тасымалдау үшін алдын ала келісу және қосымша төлем талап етіледі.
Егер сіз қаруды тасымалдағыңыз келсе, рұқсат алу керек. Ол үшін ұшуға дейін 24 сағаттан кешіктірмей "FlyArystan" авиакомпаниясының арнайы қызмет көрсету бөліміне тікелей жіберу керек. special.services@flyarystan.com немесе +7 (727) 331 10 нөмірі бойынша авиакомпанияның байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы.
Қаруды тасымалдауға арналған сұрау салуда көрсету қажет:
Тарифтермен және тасымалдау шарттарымен сіз төменде таныса аласыз. Тарифті сұраныс расталғаннан кейін дереу төлеу керек:
|
Бағасы |
Бір жолаушыға арналған жабдықтарды барынша жинақтау |
Қару мен оның оқ-дәрілері |
20 000 теңге |
Қаптағы/ қаптағы қарудың 1 бірлігі (багаждың жеке орны)* 1 оқ-дәрілері бар орама (багаждың жеке орны) |
* қарудың әрбір қосымша бірлігі қару мен оқ-дәрілерді тасымалдау үшін көрсетілген тариф бойынша қосымша ақы төлеуге жатады
Тасымалдау шарттары:
Тек тіркелген багажда ғана тасымалдауға рұқсат етіледі: спорттық және аңшылық қару, пистолеттер мен ойық қару, сондай-ақ қауіптілік 1.4 S кіші сыныбының сенімді буып-түйілген оқ-дәрілер (қаруға арналған патрондар) (БҰҰ 0012 және 0014 тізімі бойынша нөмірлері).
IATA қауіпті заттар мен заттарды тасымалдау Ережелеріне сәйкес қару мен оқ-дәрілер жолжҥктің әр түрлі орындарында болуы тиіс. Қажет болса, бөлу үшін арнайы жәшікті пайдалану қажет.
Қару оқталмаған болуы тиіс. Оқ-дәрілер тек жеке пайдалануға, спорттық және (немесе) аңшылық мақсаттарға арналуға тиіс.
Әрбір жолаушыға жеке мақсатта пайдалану үшін оқ-дәріні ораумен (өлшеу талап етіледі) жалпы салмағы 5 кг-нан аспайтын тасымалдауға рұқсат етіледі. Бірнеше адамға тасымалдау нормаларын бір немесе бірнеше багаж орнына біріктіруге болмайды.
Оқ-дәрілер сенімді буып-түйілуі тиіс, яғни стандартты сауда қаптамасында болуы тиіс.
Әуежайда барлық формальдылықтарды уақтылы өту үшін жолаушылар тіркеу аяқталғанға дейін 30 минуттан кешіктірмей алдын ала тіркеуге келуі тиіс.
Жарылғыш немесе тұтандырғыш снарядтары бар оқ-дәрілерді алып жүруге тыйым салынады.