• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Main Banner Main Banner Crew And Skytrax Kz

Билет сатып алу

Күн

calendar

Skytrax FlyArystan-ды Орталық Азия мен ТМД елдер арасындағы үздік лоукостер деп таныды

2023 жылдың 20 маусымында Парижде жыл сайын өткізілетін халықаралық Paris Air Show көрмесінде 24-ші World Airline Awards марапаттау рәсімі өтті. Қазақстандық лоукостер FlyArystan алғаш рет «Әуе  Оскарына» қатысып, «Орталық Азия мен ТМД елдерінің үздік лоукостері» марапатына ие болды.

2023 жылдың 20 маусымында Парижде жыл сайын өткізілетін халықаралық Paris Air Show көрмесінде 24-ші World Airline Awards марапаттау рәсімі өтті. Қазақстандық лоукостер FlyArystan алғаш рет «Әуе  Оскарына» қатысып, «Орталық Азия мен ТМД елдерінің үздік лоукостері» марапатына ие болды.

Былтыр Қазақстанның бюджеттік әуекомпаниясы Skytrax авиациялық аудитінен өтіп, “4 жұлдызына” ие болғанын айта кеткее жөн. Енді FlyArystan Skytrax аудитінің ең жоғарғы бағасына ие болып қана қоймай (әлемде бірде-бір 5 жұлдызды лоукостер жоқ), сонымен қатар Орталық Азия аймағындағы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының арасындағы үздік лоукостер ретінде танылды.

Бар болғаны 4 жыл ішінде Air Astana тобының лоукостері әуепаркін 2-ден 15 ұшаққа дейін ұлғайтып, 10 миллионнан астам адамды Қазақстан ішінде ғана емес, сонымен қатар Түркия, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, БАӘ, Үндістан және тағы басқа елдерінде қолжетімді бағамен болып қайтуға мүскіндік берді. Алдағы уақытта FlyArystan әуепаркін әрмен қарай өсіру арқылы халықаралық бағдарлар желісін кеңейтуді және одан да көп қолжетімді билеттерді ұсынуды жоспарлап отыр.

Skytrax премиясының бас директоры Эдвард Плейстед: «Орталық Азияның өсіп келе жатқан лоукостерлер нарығының жаңа мүшесі ретінде біз FlyArystan-ды биылғы World Airline Awards-тағы марапатпен  құттықтаймыз. Осы кезеңде тұтынушыларға сондай жақсы әсер қалдыру – керемет жетістік. Бұл, өз кезегінде, әуекомпанияның басшылығы мен қызметкерлері үшін үлкен мақтаныш».

Skytrax – 1989 жылы Лондонда құрылған британдық консалтинг агенттігі. Ол жаһандық  деңгейде әуетасымалдаушылар мен әуежайлар ұсынатын қызметтердің сапасы туралы ақпарат жинайды. Деректерді зерттеу және жинау респонденттерден алынған сауалнамалардың бірнеше түріне негізделген. Skytrax агенттері кездейсоқ жолаушылардың арасында жеке немесе телефон арқылы сауалнама жүргізе алады. Сонымен қатар, клиенттер тұрақты онлайн сауалнамаларға өз бетінше қатыса алады. Осы мәліметтер негізінде рейтингтер қалыптасып, марапаттар беріледі.