Топтық брондау

Ішкі бағыттарға  кемінде 15 жолаушыдан және халықаралық бағыттарға кемінде 10 адамнан тұратын топ бойынша брондауды жасап, арнайы артықшылықтарды пайдаланыңыз!

  • Топтық брондаудағы барлық жолаушылар үшін әуебилеттерді бір тарифпен сатып алыңыз;
  • Брондауды жасаған кезде барлық жолаушының аты-жөнін білмесеңіз де орындарды брондап қойыңыз.
  • Әуебилеттерді сатып алғаннан кейін рейс ұшқанға дейін жолаушылардың аты-жөндерін тегін өзгерту мүмкіндігін пайдаланыңыз.

Топтық тарифтерге жолжүкті алып жүру мен басқа қосымша қызметтер алымы кірмейді. Жолжүкті алып жүрудің немесе басқа қосымша қызметтердің ақысын брондау кезінде төлеуге болады. Топтық брондауға арнайы жарнамалық акциялар қолданылмайды.

Біздің бағыттарымыз

Жолаушылар

Ересек
Балалар
Сәби

Толық ақпарат

Жалпы ақпарат

  • Топтық брондау ішкі бағыттарға кемінде 15 жолаушыдан / халықаралық бағыттарға 10 жолаушыдан тұратын топтарға қабылданады;
  • Әуежай салығы және басқа төлемдер қосымша ақыға алынады;
  • Балаларға арналған жеңілдік: Топтық брондауда барлық жолаушыларға бірдей тариф қолданылады.Балаларға жеңілдіктер қарастырылмаған.
    2 жасқа толмаған балалар сәби болып саналады және орынсыз тегін ұшады;
  • Жолжүк: Әр топ мүшесінің тіркелген жолжүгі әуекомпанияның стандартты ережелеріне сәйкес келеді. Жолжүк тасымалдау ережелерімен сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады;
  • Музыкалық аспаптарды тасымалдау ережелерін сілтеме бойынша таба аласыз;
  • Қосымша жолжүкке қосымша ақы алынады. Тарифтер мен шарттарды сілтемені басып көре аласыз;
  • Мерзімдер мен шарттар: Сіздің тобыңызға арналған тариф деңгейі туралы хабарлама келген соң, Сізге топты тіркеу мерзімдері мен шарттары туралы толық ақпарат беріледі.

Ережелер

  • Әуебилеттерді брондау: әуекомпания белгілеген мерзімге сәйкес қатаң түрде жүргізіледі;
  • Билеттерді рәсімдеу/немесе депозитті төлеу уақыты: шарттар топтық тасымалдау келісімшартында көрсетілген;
  • Топтық брондаудан бас тартқан жағдайда төленген депозит қайтарылмайды;
  • Топтағы адамдардың ең аз саны: Келісімшартқа сәйкес, шартта көрсетілген ең аз саннан аспайтын жолаушылар санын қысқартуға рұқсат етіледі. Көрсетілген нормадан асып кеткен жағдайда, әрбір жолаушыға келісімшартта көрсетілген толық жол ақысы көлемінде айыппұл салынады;
  • Брондауларға өзгертулер айыппұлдар/тарифті қайта есептеу арқылы рұқсат етіледі;
  • Ұшу күнін ауыстыру бір уақытта бүкіл топ үшін ғана рұқсат етіледі. Топ мүшелерін жеке (топты бөлу арқылы) қайта брондауға рұқсат етілмейді;
  • Аты-жөнін өзгерту: рейс басталғанға дейін кемінде 24 сағат бұрын және билеттер берілгеннен кейін әрбір он жолаушыға 2 есімді тегін өзгертуге рұқсат етіледі;
  • Билеттердің толық төлемі өткеннен және билет алғаннан кейін, топты тасымалдау басталғанға дейін топтық тасымалдау құнын қайтаруға айыппұлды төлеу арқылы рұқсат етіледі;
  • Саяхат басталғаннан кейін топтық брондаудың ақысы қайтарылмайды;
  • Рейске келмеген жағдайда («No Show») таза тариф қайтарылмайды;
  • Пайдаланылмаған әуежай салықтары жолаушыға қайтарылады;
  • Тасымалдаушы визаларға, сондай-ақ тиісті мемлекеттік және басқа да құзырлы органдар тасымалдауға ұсынған құжаттардың сенімділігі мен дұрыстығына, оның ішінде құжаттардың жарамдылық мерзіміне жауапты емес.

Рәсімдеу

  • Топтық бағаны есептеу үшін өтініш формасын сілтеме бойынша толтырыңыз;
  • Сіз сұраныстың тіркелгені туралы растауды цифрлық нөмірмен қоса лезде аласыз; бұл нөмірді хат алмасу, келісімшарттарды дайындау, формальдылықтарды талқылау, тіптен топқа әуебилеттерді рәсімдеуге дейін есте сақтауды ұсынамыз. Бұл нөмір Сіздің сұранысыңызды ең аз уақытпен анықтауға, бүкіл процессті тиімдірек етуге мүмкіндік береді;
  • Сарапшылар тобы Сіздің өтінішіңізді өңдегеннен кейін, тариф деңгейі мен топты тіркеу шарттарын Сіздің электрондық поштаңызға жібереді;
  • Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды: егер Сіз ұсынылған шарттармен келіссеңіз немесе сапардың егжей-тегжейін талқылағыңыз келсе, бізге жазыңыз;
  • Сіздің растауыңыздың негізінде біз Сізге топты тасымалдау жөнінде келісімшартты дайындап жібереміз;
  • Келісімшартты мұқият оқып шығып, қажетті жолдарды толтырып, келісімшартқа қол қойыңыз. Оның сканерленген көшірмесін бізге электрондық пошта арқылы жіберіңіз;
  • Келісімшарт процессі аяқталғаннан және екі жақты қол қойылғаннан кейін, Сіздің тобыңыздың орындары брондау жүйесінде расталады;
  • Әуебилеттерді рәсімдеу тәртібі мен төлем формасын нақтылау үшін әуекомпания қызметкерлері Сізбен хабарласады.