• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Артқа

Алматы

Өскемен–Алматы әуебилеттері

Өскеменнен Алматыға FlyArystan тікелей рейстерімен саяхаттаңыз. Заманауи Airbus A320 ұшақтары сізді оңтүстік астанаға небәрі 1,5 сағатта жеткізеді. Қыркүйек–қазан айларында рейстер аптасына 6 ретке дейін (дүйсенбіден басқа), ал қараша–наурыз аралығында аптасына 4–5 рейс орындалады. Таңдау көп болсын дейсіз бе? Алматыға Өскеменнен Астана арқылы түйісетін рейстермен де саяхаттай аласыз. Билеттер 2026 ж. 28 наурызына дейін ұшатын рейстерге қолжетімді. Баға арзаң, ертерек алсаңыз! 

Өскемен - Алматы билеттерін қалай сатып алуға болады?

Билетті онлайн бірнеше қарапайым қадаммен сатып алуға болады:

  1. FlyArystan ресми сайтына немесе мобильді қолданбасына кіріңіз.
  2. Қайдан: Өскемен, Қайда: Алматы, бару/қайту күндерін және жолаушы санын таңдаңыз. Назар аударыңыз: 2 жасқа дейінгі сәби үшін де билет рәсімделуі керек – ол бөлек орынсыз ересектің қолында тегін тасымалданады. Толығырақ мына жерде.
  3. "Сатып алу / Іздеу" батырмасын басыңыз – жүйе сізге қолжетімді рейстер мен тарифтік топтамаларды ұсынады. Сондай-ақ, билетіңізге бөлек жолжүк, үлкейтілген қолжүгін, салон ішінде өзіңізге ыңғайлы орынды таңдапыстық тамақ немесе басқа да аранайы қызметтерді қоса аласыз. Ең ұтымды бағаны табу үшін "Төмен баға күнтізбесі" функциясын пайдаланыңыз. Сапар күндеріне сенімді емессіз бе? Онда Ozgert қызметіне назар аударыңыз - ұшу күндерін айыппұлсыз өзгертуге мүмкіндік береді
  4. Өзіңізге қолайлы рейсті таңдап, брондауды рәсімдеңіз. Әуебилеттерді төлеу әдістері. Рейсіңізге тіркелуді ұмытпаңыз! Рейске тіркелу және ұшаққа отырғызу ережелерімен мұқият танысыңыз.

Алматы: ерекшеліктері мен көрікті жерлері

Алматы — Қазақстандағы ең ірі қала. Көпғасырлық тарихы мен ерекше мәдени, сәулет және табиғи мұрасы бар бұл шаһар саяхатшыларды өзіне тартып тұрады. Іле Алатауының баурайында орналасқан Алматы — айрықша атмосферасымен, жарқын келбетімен және көркем табиғатымен ерекшеленеді. 

Халықаралық Алматы әуежайынан (ALA) қала орталығына нөмірі № 92 немесе № 3 автобустарымен жете аласыз — жолақысы 120 теңге (ONAY! картасы, мобильді қолданбасы немесе SMS арқылы төлеу кезінде). Таксимен жету — тәуліктің уақыты мен қызмет көрсетушіге байланысты — шамамен 3500–5000 теңге.

Өскеменнен Алматыға арзан әуебилет алып, Алматыдағы ерекше орындарды өз көзіңізбен көріңіз:

  • Көктөбе саябағы мен телемұнарасы — Алматының ең танымал көрнекі жерлерінің бірі, қаланың биік нүктесінде орналасқан;
  • Спорт сүйер қауымға арналған биік таулы «Медеу» спорт кешені;
  • Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы;
  • 1993 жылы салынған Орталық мешіт;
  • Табиғи ағаштан салынған әсем Вознесенск кафедралды соборы;
  • Жергілікті тағамдар мен ұлттық колоритке толы «Көк базар»;
  • Ғажайып көріністерімен танымал Үлкен Алматы көлі.

FlyArystan — Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Ол өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап FlyArystan өз сертификатымен, FS коды бойынша тәуелсіз әуекомпания ретінде қызмет көрсетуде. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен кең ауқымды маршруттар желісі бойынша рейстер орындайды. FlyArystan маршруттар желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023, 2024  және 2025 жылдары үш рет Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы деп танылды.

Құжаттар, брондау және төлем, қосымша қызметтер, тарифтер, тіркеу, рейс мәртебесінің өзгеруі және басқа да жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды осы жерден таба аласыз.

Сатып алу

Күн

calendar