Қызылорда – Астана әуебилеттері
FlyArystan лоукостері Қазақстанның әуе нарығына шыққаннан кейін, ел ішінде жылдам әрі арзан саяхаттау жолын іздеу қажеттілігі жойылды. Клиенттеріміздің көпшілігі пойыздар мен автобуспен ұзақ жол жүруді ұмытып, біздің әуе желілерімізбен бюджеттік ұшуды артық көретін болды. Қызылорда – Астана қалаларының арақашықтығы үлкен, 1000 километрден асады. Оны өтудің ең тиімді жолы – ұшу, оның ұзақтығы бар болғаны бір жарым сағатты алады. Салыстыратын болсақ, пойызбен жолға кем дегенде 1 күн 9 сағат уақытыңыз кетеді.
Қызылорда – Астана арзан әуебилеттерін сатып алу жолы
Қызылорда – Астана ұшағы билетін барынша тиімді бағамын сатып алу үшін тәжірибелі туристер пайдаланатын бірнеше пайдалы кеңес бар.
- — FlyArystan әуекомпаниясының жаңалықтарын қадағалап жүріңіз. Билеттерге акциялар туралы бірінші болып білу үшін әлеуметтік желілердегі парақшаларға, сондай-ақ email жіберілімдерге жазылыңыз.
- — Күндерін жылжытыңыз. Ұшып шығу күні маңызды болмаса, әртүрлі апта күндеріндегі ұшу бағаларын зерттеп көріңіз.
- — Қосымша қызметтерді билетті брондау кезінде сатып алыңыз. Мысалы, жолжүкті әуежайда рәсімдеу қымбатырақ болады. Ең жоғары жайлылықты артық ақша төлемей алудың ең тиімді жолы – мынадай тарифтік пакеттердің біреуін таңдау: Стандарт плюс, Комфорт немесе Комфорт плюс. Пакеттердің шарттары мен құны туралы толық мәліметпен әуебилеттерді рәсімдегенде танысасыз.
- — Қызылорда – Астана билеттерін алдын ала рәсімдеңіз. Әуебилеттерді ұшу күнінен неғұрлым ерте іздесеңіз, соғұрлым төмен бағамен сатып алу мүмкіндігі артады.
- — Қайту билеттерінің болуын қамтамасыз етіңіз. Бірден екі бағыттағы билеттерді сатып алғанда құны төмен болатынына қоса, сіз осы мәселеге қайтып оралмайсыз және қажетті күнге бос орындар бар-жоғы туралы уайымдамайсыз.
FlyArystan лоукостерімен ұшу артықшылықтары
Біздің басқа артықшылықтарымыздың арасынан клиенттер келесілерді атап көрсетеді:
- Airbus 320 әуелайнерлерінен тұратын заманауи әуепарк;
- тарифтік пакеттер мен қосымша қызметтердің көп түрлері, яғни: ұшақ бортында түскі ас ішу мүмкіндігі, алғашқы болып отыру мүмкіндігі, орын таңдау мүмкіндігі, жолжүк және тағы басқа;
- бағыттардың үлкен таңдауы;
- Қызылорда – Астана рейстерінің ыңғайлы кестесі;
- байланыс орталығының болуы және тағы басқалар.
Астанадағы климат
Қаладағы жылдық орташа температура – 3,5 °C. Мұхиттан алыс орналасқандықтан, қыста бұл әлемдегі ең суық астаналардың бірі болып келеді. Барынша жылы киіну керек екеніне дайын болыңыз. Әдетте жаздыгүні мұнда жылы болады. Саяхатқа барар алдында, қажетті заттар мен орынды киім алу үшін, Астанада ( болатын кездегі ауа райы болжамын біліп алыңыз.
Астанадағы көрнекі жерлер
Астанада болғанда туристер көп баратын келесі жерлерге міндетті түрде баруыңыз керек:
- Әзірет Сұлтан мешіті;
- Бәйтерек монументі;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі;
- Хан Шатыр;
- Бейбітшілік пен келісім сарайы;
- Свято-Успенский кафедралды соборы;
- «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені;
- Есіл өзенінің жағалауы және тағы басқа.