Артқа

Астана

«Шымкент – Астана» әуебилеттері

Қазақстанның елордасына бару мақсатына қарамастан, «Шымкент – Астана» бағыты бойынша ыңғайлы, сенімді және ең бастысы тез жету жолын таңдау маңызды. Шымкент – Астана қалалары арақашықтығы 1400 километрден асады. Әрине көлікпен де жете аласыз, бірақ мұндай сапардың қаншалықты шаршатып, ұзақ жол болатынын ойлап көріңіз. Автобуспен немесе пойызбен жолға шамамен 23 сағат кетеді, бұл бір тәулікке жуық уақыт. FlyArystan лоукостер әуекомпаниясы ұсынатын «Шымкент – Астана» ұшағы осындай қашықтықты шамамен 2 сағат ішінде өтеді. Біздің әуежелілерімізбен тез әрі ыңғайлы ұшудан шаршап қалмайсыз. Келген күні-ақ жеке мәселелеріңізді шешіп, кездесулеріңізді жоспарлап, Астана қаласының көрнекі жерлерін көре аласыз.

«Шымкент – Астана» арзан әуебилеттері

«Шымкент – Астана» әуебилеттерінің бағасына өзіңіз ықпал ете аласыз. Сізге бортта шын мәнінде қажет болатын қызметтерді ғана таңдаңыз. Біз жолаушыларымызға мыналарды ұсынамыз: Қолжүк Плюс және тіркелетін жүк, артықшылығы бар отырғызу және ұшақтан орын таңдау, комбо түскі астар, сусындар және басқалары. Сайтта ұшақ билеттерінің 4 тарифтік пакеті ұсынылады:

  • Стандарт;
  • Стандарт плюс;
  • Комфорт;
  • Комфорт плюс.

 Әр тарифтік пакет туралы толық ақпаратты билетті таңдаған кезде таба аласыз.

«Шымкент – Астана» ұшағына билет сатып алу жолы

«Шымкент – Астана » билеттерін сатып алу үшін көп күш салып, көп уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Біздің сайтымызды қолдануға болады, небәрі бірнеше минут бос уақытыңыз бен қосулы интернет керек. Интуитивтік тұрғыдан түсінікті интерфейс арқылы әуебилеттерді тіпті мобильді телефоннан да рәсімдей аласыз. Жай ғана әуекомпания сайтына өтіп, іздеу формасында ұшу бағытын (Шымкент – Астана), жолаушылар саны мен күндерді көрсетіңіз. «Іздеу» түймесін басқан соң, жүйе оңтайлы ұшу нұсқаларын ұсынады. Жеке қажеттіліктеріңізге қарай, қалаған тарифтік пакетті таңдаңыз. Сонымен қатар қайту рейстеріне билеттерді қарап шығып, қажеттісін сатып алуға болады.

 Ұшақ билеттерін брондағанда көмек керек болса, FlyArystan әуежелілерінің байланыс орталығына хабарласыңыз. Білікті қызметкерлер сұрақтарыңызға қуана жауап беріп, тіпті «Шымкент – Астана» рейстеріне әуебилеттерді телефон режимінде рәсімдей алады.

FlyArystan ұсынатын артықшылықтар

Біздің клиенттеріміз барынша аз қаражат жұмсап, керемет қызметке қол жеткізеді. FlyArystan лоукостерімен ұшудың басқа артықшылықтары арасында мыналарды атап өтуге болады:

  • Заманауи әуепарк. Ұшақтарымыздың орташа пайдалану мерзімі – 6 жыл. Техникалық күтімді FlyArystan еншілес әуежелілері болып табылатын Air Astana әуекомпаниясының инженерлері жүргізеді.
  • Қосымша қызметтердің көптеген түрлері. Тарифтік пакетті өзіңіз таңдап, осылайша билет бағасына ықпал ете аласыз.
  • Төмен баға. FlyArystan лоукостері ұсынатын «Шымкент – Астана» әуебилеттерінің бағасы басқа әуекомпаниялардың бағасына қарағанда айтарлықтай төмен. Қосымша «Ең төмен баға кепілдігі» қызметін қосуға болады.
  • Ауысып отырмай тура ұшатын рейстер. Бізде ұшуды қиындататын және келу уақытын созатын түйіспе рейстер жоқ.
  • Ұшу уақыты. Қазақстанның елордасында ұшқан соң шамамен 2 сағаттан кейін боласыз.

«Шымкент – Астана» ұшақтарының кестесі

«Жоспарлау және сатып алу» («Рейстер кестесі») бөлімінде күндер мен «Шымкент – Астана» бағытын көрсетіңіз. Кесте «Іздеу» түймесін басқаннан кейін пайда болады. Іздеу нәтижелеріне қарай сапарыңыз бен уақытыңызды барынша тиімді етіп жоспарлай аласыз.

«Шымкент» халықаралық әуежайына (CIT, UAII) жету жолы

Сағат 06:00-ден 19:00-ге дейін қоғамдық көлікпен жетуге болады. Автобусқа 50 теңге жұмсайсыз. Әуежайға келесі автобустар жүреді:

  • № 12;
  • № 12а;
  • № 12б (бұл автобуста кондукторға әуежайға баратыныңызды міндетті түрде айту керек).

Әуе айлағына ұшуға дейін 2–3 сағат бұрын келген жөн екенін ескеріңіз. Асықпай рейске тіркеліп, ұшу сәтіне үлгермеймін деп алаңдамайсыз. Сонымен бірге уақытыңызды үнемдеп, FlyArystan сайтының басты бетіндегі «Рейске тіркелу» бөлімінде онлайн режимде тіркеле аласыз.

Сатып алу

Күн

calendar