Астана
Қазақстан астанасына бару қажеттігі туындаса, пойызға немесе автобусқа билет сатып алуға асықпаңыз. Сапар мақсатының қандай екеніне қарамастан, FlyArystan компаниясының ұшу ұсыныстары Астанаға сапарды жоспарлап отырған студенттерге де, іскери адамдарға да жылдам әрі ыңғайлы жетуге мүмкіндік береді. Пойызбен және автобуспен жол жүру уақытына қарағанда, осы бағыттағы ұшу уақыты шамамен небәрі бір жарым сағатты құрайды.
Семей – Астана билетін сатып алу үшін flyarystan.com сайтындағы іздеу формасын пайдаланыңыз. Қалаларды, жолаушылар санын, қажетті күндерді көрсетіңіз. Ұсынылған нұсқалармен танысып, оңтайлы нұсқасын таңдаңыз.
Семейден Астанаға дейінгі билетті неғұрлым ерте брондап, кері бағыттағы әуебилеттерді сатып алу қамын ойлауды ұсынамыз. Сапар алдында билеттің бар-жоғы туралы уайымдамай, Астанада өткізетін уақытыңызды жоспарлауға кірісе бересіз.
Біз Қазақстандағы Семей – Астана әуебилеттерінің ең тиімді бағаларын ұсынамыз. FlyArystan әуекомпаниясы лоукостер болғандықтан, бізде бизнес класс жоқ. Соның арқасында біз арзан ұшу бағасымен көбірек орын ұсынамыз.
Сонымен қатар сіз оңтайлы тарифтік пакетті таңдай отырып, ұшақ билеттеріне ықпал ете аласыз.
Сізде өзіңізге қажетті қызметті таңдау мүмкіндігі болуы үшін билет құнынан барлық қосымша қызметтерді алып тастадық. Біз төрт тарифтік пакетті ұсынамыз.
Пакеттердегі (Стандарт плюс, Комфорт немесе Комфорт плюс) қызметтерді сатып алсаңыз, қаражат үнемдейтініңізді ескеріңіз. Стандарт плюс және Комфорт пакеттеріндегі баға 10 %-ға, ал Комфорт плюс пакетіндегі баға тіпті 50 %-ға арзан.
Сіз рейске flyarystan.com сайтында тіркеле аласыз. Тіркелу ұшу уақытынан 30 күн бұрын ашылып, ұшуға 1 сағат қалғанда жабылады. Онлайн тіркелу үшін, сайттағы тиісті қойындыны таңдап, брондау нөмірін, атыңыз бен тегіңізді жазыңыз. Үнемдеген уақытыңызды әуежайда кофе ішіп өткізуге немесе жиналуға көбірек уақыт бөлуге болады.
Семей – Астана (Астана) кешкі рейсі күнделікті орындалады. Ұшу кестесімен толығырақ танысу үшін «Жоспарлау және сатып алу» бөлімін таңдап, «Рейстер кестесі» бөлімшесін ашыңыз. Бұл жерден ұшу ұзақтығы, ұшу және қону уақыты туралы толығырақ ақпарат ала аласыз.
Қоғамдық көлікті, такси қызметтерін пайдалануға немесе машинаны жалға алуға болады.
Қоғамдық көлік. Әуежайдан орталыққа дейін № 10, № 12 және № 100 автобустар жүреді. Рейстер арасындағы интервал: 5–16 минут.
Такси. Ресми қызметтерге жүгінуді ұсынамыз, өйткені жеке такси жүргізушілері жол жүру бағасын себепсіз жоғарылатады. Орталыққа ресми компания көлігімен барсаңыз, шамамен 1800–2500 теңге жұмсайсыз.
Көлікті жалға алу. Көлікті жалдау туралы алдын ала қамданып, қызметке онлайн сервистер арқылы тапсырыс беруге немесе әуежай аумағындағы арнайы компанияларға хабарласуға болады. Сізге жүргізуші куәлігі, кепілге қоятын ақша, жалға беруші шарттарында қарастырылған басқа да құжаттар қажет болуы мүмкін.