Артқа

Алматы

Өскемен – Алматы әуебилеттері

FlyArystan-мен Өскемен (UKK) қаласынан Алматыға саяхаттаңыз.

Тұрақты рейстер жайлы Airbus A320 ұшағында орындалады:

  •  Өскемен - Алматы 2023 жылдың 2 мамырдан бастап сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері.

FlyArystan рейстеріне әуебилеттер сатып алу артықшылықтары

FlyArystan жолаушылары әуебилеттерді әуекомпания сайтынан сатып алудың көптеген артықшылықтарын белгілейді. Солардың ішінде:

Төмен бағалар

Біз Қазақстан бойынша ең тиімді ұшу тарифтерін ұсынамыз. Лоукостерлер бюджеттік турист үшін ең жақсы шешім. Осы бағыттардағы классикалық тасымалдаушылардың бағаларымен салыстыратын болсақ, біздің билеттеріміз көбіне екі есе арзан. Жолжүк, тамақ және басқа да қосымша қызметтер үшін артық ақы төлемейсіз. Жолжүк сатып алу қажеттігі туындап жатса немесе борттағы өзіңізге ұнайтын орынды таңдағыңыз келсе, қызметті әрдайым тұрақты баға бойынша әуебилетке қосуға болады.

Қауіпсіздік

Ұшақтарымызға Air Astana компаниясының жетекші инженерлері мұқият техникалық күтім жасайды. 6 жыл FlyArystan әуежелісі ұшақтарының (Airbus А320) орташа пайдалану мерзімі.

Арзан ұшақ билеттері

Билеттерді сайтымыздан онлайн режимде брондау уақытыңызды ғана емес, ақшаңызды да үнемдеуге көмектеседі. Лоукостер компания ретінде біз қажетті қосымша қызметтерді ғана таңдай отырып, билеттердің құнын өз бетіңізбен түзету мүмкіндігін қосып, арзан билеттерге минималды тарифті белгіледік. FlyArystan жұмысты қолжетімді бағамен сапалы сервис алатындай етіп ұйымдастырды.

Сатып алу

Күн

calendar