• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Артқа

Семей

Астана – Семей билеттері: flyarystan.com сайтындағы тікелей рейстер 

Қазақстан нарығында FlyArystan лоукостері пайда болысымен, туристерАстана– Семей бағытында ұшақпен көп саяхаттай бастады. Қалалар арақашықтығы – шамамен 664 километр, сондықтан пойызбен немесе автобуспен жол жүруге көп уақыт және күш кетеді. Астана– Семей кешкі рейсінің әуекомпаниямыз ұсынатын ұшу ұзақтығы – бір сағаттан сәл көп. Осындай қысқа уақыт ішінде шаршап та, жалығып та үлгермейсіз. Салыстырсақ, пойыз осындай арақашықтықты кемінде 14 сағат ішінде жүріп өтеді. Ұшу – Семей қаласына жетудің ең жылдам, сенімді, ыңғайлы жолы, ал біздің лоукостерімізбен бұл тіпті арзанға түседі.

Астана – Семей билетінің бағасы: FlyArystan лоукостерімен үнемдеңіз

Сайтымыздағы Астана – Семей билетінің құны тіпті бюджеті аз туристерге ұшақпен саяхаттауға мүмкіндік береді. Өз басымдықтарыңызды анықтап, тек өзіңізге қажетті қызметтерді таңдай алуыңыз үшін билет құнынан барлық қосымша қызметтерді алып тастадық. Бізде жасырын комиссиялар жоқ және делдалдарға да қызметтері үшін артық төлемейсіз. Бізде бизнес класс жоқ, сондықтан көбірек жолаушыларды арзан бағаға тасымалдай аламыз. 

Әуекомпанияның тарифтік пакеттері

Өз қалауларыңыз бен қаржылық мүмкіндіктеріңізге қарай, әуебилеттердің 4 тарифтік пакетінің бірін таңдаңыз. Стандарт, Стандарт плюс, Комфорт және Комфорт плюс. Олар борттағы қызметтердің қосылуымен ерекшеленеді. Пакеттердің ең көп таңдалатыны – Комфорт плюс. Оған жолаушылар арасында ең көп сұралатын қызметтер кіреді. Пакеттегі қосымша қызметтер 10 %-ға немесе тіпті 50 %-ға арзанырақ болады. Тариф шарттарымен әуебилеттерді сайтта рәсімдеу барысында толығырақ танысуға болады. 

Астана – Семей әуебилеттерін сатып алу жолы

Flyarystan.com сайтының түйсікке қонымды интерфейсі Астана – Семей билетін бірнеше минутта сатып алуға мүмкіндік береді. Басты беттегі іздеу жолында ұшу бағытын көрсетіп, күнтізбеде басымдықты күндерді белгілеп, жолаушылар санын көрсетіңіз. «Іздеу» түймесін басқан соң, жүйе ұшудың ең жақсы нұсқаларын ұсынады.

Билеттерді сатып алғаннан кейін рейске (ұшудан ең көбі 15 күн бұрын) онлайн тіркелуге кеңес береміз. Осылайша сіз уақытыңызды үнемдеп, әуежайдағы процедураларды өту кезегінде тұрмайсыз.

FlyArystan лоукостерімен саяхаттау артықшылықтары

Жолаушыларымызға көп қаражат салмайтын тамаша сервис ұсынамыз. Біздің жолаушыларымыз мынадай артықшылықтарға көз жеткізді:

– заманауи әуепарк (Airbus 320-232 әуелайнерлері);

– әуерейстердің дәл уақытында ұшуы;

– қосымша қызметтердің көптеген түрлері: дәмді тамақ, алғашқы болып отыру, борттан орын таңдау, және т. б.

– төмен ұшу бағалары;

– байланыс орталығының болуы және тағы басқалар.

Қалаға Семей халықаралық әуежайынан (PLX) жету жолы

 Қоғамдық көлік.

Күнделікті сағат 06:30-дан 21:25-ке дейін қаланың кез келген жеріне жете аласыз. Мысалы № 33 автобустың соңғы аялдамасы – әуежай. Автобусты ұзақ күтпейсіз, олардың жүру аралықтары небәрі 10 минутты құрайды. Автобус билетінің бағасы – шамамен 80 теңге.

Такси.

Межелі жерге жылдам әрі ыңғайлы жеткіңіз келсе, такси қызметіне жүгініңіз. Кез келген басқа әуежайдағыдай жеке таксистер туристерге келіп, тасымалдау қызметтерін ұсынады. Мұндай сапар фирмадан машинаға тапсырыс бергеннен әлдеқайда қымбат болатынын ескеріңіз.

Семейдің көрнекі жерлері

Бос уақытыңыз болғанда мына көрнекі жерлерге баруды ұсынамыз:

– аспа көпір (әсіресе кешке өте әдемі);

– облыстық биологиялық орталық;

– аквапарк;

– Ф. М. Достоевский мұражай үйі;

– көркемөнер мұражайы;

– Абай ұлттық мұражайы.

Сатып алу

Күн

calendar