Павлодар
Қалалар арақашықтығы 400 километрден астам болғандықтан, «Астана – Павлодар» әуебилеттері FlyArystan әуекомпаниясының жолаушылары арасында үлкен сұранысқа ие. Ауыстырып отырғызбай тура жеткізетін әуежелілерімізді таңдап, шамамен бір сағаттан кейін межелі орын – Павлодар қаласында боласыз. Және тағы бір маңызды жайт, «Астана – Павлодар» бағытындағы ұшақ билетін онлайн режимде және пойыздың не автобустың бағасымен сатып алуға болады.
Сіз билет бағасына ықпал ете аласыз. Біз қосымша қызметтерді әуебилеттер құнына қоспаймыз, оның орнына тек жеке қалауыңыз бен қажеттілігіңізге барынша сәйкес келетіндерді таңдауды ұсынамыз. Қажетті билетті тауып, «Таңдау» түймесін басқанда, бортта көрсетілетін қызметтерді нақтылайтын 4 қолжетімді билет санаты пайда болады: Стандарт, Стандарт плюс, Комфорт және Комфорт плюс.
«Астана – Павлодар» бағытындағы ұшақ билетіне келесі қызметтерді қосу мүмкіндігіне назар аударуды ұсынамыз:
«Астана – Павлодар» бағытында ұшақ күн сайын ұшады. Рейс тәуліктің бірінші жартысында сағат 11:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сапар мақсатына қарамастан, Павлодарда уақыт өткізуді тиімді жоспарлай аласыз, өйткені кешке дейін уақытыңыз болады. Ұшу шамамен бір сағатқа созылады, сондықтан жолдан шаршап үлгермейсіз және қонғаннан кейін бірден істеріңізге кірісе аласыз.
«Астана – Павлодар» билетін сатып алу үшін, сайттың басты бетіндегі «Рейс» қойындысындағы ақпарат жолдарын толтырыңыз. Ұшып кету және келу қалаларын («Қайдан» жолында – Астана, «Қайда» жолында – Павлодар), жоспарланатын сапар күндері мен жолаушылар (ересектер, балалар) санын көрсетіңіз. «Іздеу» түймесін басқанда, жүйе сұрауды өңдеп, «Астана – Павлодар» бағытындағы қолжетімді әуерейстерді ұсынады. Мұнда сіз қону және ұшу әуежайлары, бағасы, ұшу ұзақтығы мен ұшу уақыты туралы ақпаратты таба аласыз.
Брондаған кезде сұрақтар туындаса, FlyArystan әуекомпаниясының жедел желісіне хабарласыңыз. Білікті қызметкерлер мәселені шешуге қуана көмектеседі. Бұған қоса ұшақ билетін телефон арқылы рәсімдеуге болады.
Біздің жолаушыларымыз FlyArystan әуежелілерімен ұшудың келесі артықшылықтарына лайықты баға беріп үлгерді:
Павлодар халықаралық әуежайы қаладан оңтүстікке қарай 14 км қашықтықта орналасқан. Әуежайдан Павлодарға жету үшін қоғамдық көлікке, атап айтқанда № 22 автобусқа отыруға болады. Қазіргі уақытта жолақы 50 теңгені құрайды.
Бос уақытыңыз болғанда мына көрнекі жерлерге баруды ұсынамыз: