• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Артқа

Орал

Алматы Орал әуебилеттері!

Алматы (ALA) - Орал (URA) ұтымды бағаға, жайлы Airbus A320 ұшақтарымен тікелей рейстер орындаймыз! Алматы – Орал ұшағымен 3,5 сағатта 2114 шақырымды өтіп, Батыс Қазақстан облысының мәдени, өндірістік және әкімшілік орталығына сапар шегіңіз. 

FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Оралға сапар жоспарлаңыз.

Алматы - Орал билеттерін қалай сатып алуға болады?

Билетті онлайн бірнеше қадаммен сатып алуға болады:

  1. FlyArystan ресми сайтына немесе мобильді қолданбасына кіріңіз.
  2. Қайдан: Алматы, Қайда: Орал, бару/қайту күндерін және жолаушы санын таңдаңыз. Назар аударыңыз: 2 жасқа дейінгі сәби үшін де билет рәсімделуі керек – ол бөлек орынсыз ересектің қолында тегін тасымалданады. Толығырақ мына жерде.
  3. "Сатып алу / Іздеу" батырмасын басыңыз – жүйе сізге қолжетімді рейстер мен тарифтік топтамаларды ұсынады. Сондай-ақ, билетіңізге бөлек жолжүк, үлкейтілген қолжүгін, салон ішінде өзіңізге ыңғайлы орынды таңдапыстық тамақ немесе басқа да аранайы қызметтерді қоса аласыз. Ең ұтымды бағаны табу үшін "Төмен баға күнтізбесі" функциясын пайдаланыңыз. Сапар күндеріне сенімді емессіз бе? Онда Ozgert қызметіне назар аударыңыз - ұшу күндерін айыппұлсыз өзгертуге мүмкіндік береді
  4. Өзіңізге қолайлы рейсті таңдап, брондауды рәсімдеңіз. Әуебилеттерді төлеу әдістері

Орал әуежайынан қала орталығына қалай жетуге болады?

Барлық рейстер Мәншүк Мәметова атындағы Халықаралық Орал әуежайына қонады. Қала орталығына жетудің екі негізгі жолы бар:

  • Автобус: №12. Жол уақыты – шамамен 40 минут, жол ақысы – 100 теңге.

  • Такси: Орташа жол уақыты – 30 минут. Бағасы шамамен 1800 теңгеден басталады.

Орал қаласындағы көрікті жерлер

  • Тарихи-өлкетану мұражайы. Қазақстандағы ең көне мұражайлардың бірі. 1836 жылы салынған. Мұнда IV–V ғасырлардан басталатын өңір тарихын баяндайтын құнды жәдігерлер сақталған;
  • Абайдың үй-мұражайы. Ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбайұлына арналған мұражай;

  • Пугачев мұражайы. Емельян Пугачев бастаған көтеріліс дәл осы Орал қаласында басталған. 18 ғасырда салынған үй сақталып, мұражайға айналған. Мұнда Пугачевтің жеке заттары мен сол дәуірді бейнелейтін суреттер қойылған;

  • Мәншүк Мәметова мешіті. Қаланың рухани әрі сәулет символдарының бірі;

  • Христос Құтқарушы шіркеуі. 1891 жылы іргетасы қаланған көне шіркеу. Ашылуына II Николай қатысқан. Қала тұрғындары оны «алтын шіркеу» деп атайды. Бұл Оралдың басты көрікті орындарының бірі;

  • Жайық қалашығы. XIII–XV ғасырларға жататын көне қала орны. Археологиялық қазбалар нәтижесінде монша, тұрғын үйлер мен көне зират табылған.

FlyArystan — Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Ол өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап FlyArystan өз сертификатымен, FS коды бойынша тәуелсіз әуекомпания ретінде қызмет көрсетуде. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен кең ауқымды маршруттар желісі бойынша рейстер орындайды. FlyArystan маршруттар желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023, 2024  және 2025 жылдары үш рет Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы деп танылды.

Сатып алу

Рейс күні

calendar