Артқа

Семей

Алматы — Семей ұшу сапары

Алматыдан Семейге сапарға шығатын кезде, турист ең алдымен көлік құралын таңдайды.

 «Алматы — Семей» қалаларының арасындағы қашықтық 1000 км-ден асады, сондықтан оңтайлы шешім – әуе сапары. Өйткені, сіз пойызбен де, автобуспен де бұл шақырымдарды ұшақтан тез, қауіпсіз әрі жайлы өте алмайсыз.

Алматы мен Семей арасындағы тікелей рейстер күн сайын орындалады. 2024 жылдың 3 маусымынан бастап дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшу жиілігі күніне 2 рейске дейін артылды.

Алматы — Семей билетін сатып алу жолы.

Алматы — Семей билетін сатып алу үшін FlyArystan лоукостерінің сайтын пайдаланыңыз. Ұшаққа билетті тіпті смартфон арқылы да ресімдеуге болады. Сізге тек интернетке қолжетімділік пен екі минут бос уақытыңыз қажет.

Сайттың іздеу жолына қажетті бағдарды енгізіңіз, күндерді таңдап, саяхатшылар (ересектер және балалар) санын белгілеңіз. Содан кейін, рейстер туралы ақпаратпен танысып, күні, уақыты және бағасы бойынша оңтайлы рейсті таңдаңыз.

FlyArystan тарифтік пакеттері

Алматы — Семей әуебилеттерінің тиімді немесе икемді тарифін белгілеген кезде, қосымша төмендегі тарифтік пакеттердің біреуін таңдау мүмкіндігіңіз болады:

  • Стандарт;
  • Стандарт плюс;
  • Комфорт;
  • Комфорт плюс.

Олар бағасы және сәйкесінше пакетке кіретін қызметтер саны бойынша ерекшеленеді. Біздің жолаушыларымыз арасындағы ең көп қолданылатын тарифтік пакет – «Комфорт», оның ішінде: билет, қолжүк (5 кг), тіркелетін жолжүк (20 кг) және ұшақта стандартты орын таңдау мүмкіндігі. Жайлылығыңыз үшін бұл қызметтер жеткіліксіз болса немесе керісінше сіз үшін минималды қызметтер жиынтығы жеткілікті болса, қалған тарифтік пакеттерге назар аударыңыз. Олардың шарттарымен билетті брондаған кезде толығырақ танысасыз.

Әуебилеттерді онлайн режимінде ресімдеген кезде пакеттегі қызметтер оларды әуежайда немесе Алматы — Семей рейсінде төлегенге қарағанда әлдеқайда арзан болатынына назар аударыңыз.

Алматы — Семей ұшу сапары: әуебилеттер бағасы

Біз Қазақстандағы ең тиімді бағамен үздік сервис ұсынамыз. FlyArystan — лоукост жүйесі бойынша жұмыс істейтін еліміздегі алғашқы әуетасымалдаушы. Әуебилеттер әр адамға қолжетімді болуы үшін, біз билет құнынан барлық қосымша қызметтерді алып тастаймыз. Сіз қажеттіліктеріңіз бен қаржылық мүмкіндіктеріңізге қарай, қосымша қызметтерді сатып алу туралы шешімді өзіңіз қабылдайсыз.

Семей — Алматы әуебилеттері: рейстер кестесі

Жоспарларыңызды ұшу күнімен сәйкестендірудің қажеті жоқ, себебі Алматы — Семей әуерейстері күн сайын жүзеге асырылады. Билеттер қолжетімді болуы үшін, оларды ертерек сатып алуды ойластыруыңызды ұсынамыз. Өйткені, Семейге ұшатын кешкі рейске билеттерді қолжетімді бағамен сатып алуды қалайтын адамдар көп.

Рейс кестесін және ұшу сапары туралы басқа егжей-тегжейлерді сайттың «Жоспарлау және сатып алу» бөлімінен білуге болады.

FlyArystan лоукостерімен ұшу артықшылықтары

  Қазақстан әуенарығында алғашқы лоукостер пайда болғаннан кейін, ел тұрғындарының көпшілігі ел ішінде де, одан тыс жерлерге де ұшуға мүмкіндік алды. Баға белгілеуіміздің және FlyArystan еншілес компаниясы болып табылатын Air Astana әуекомпаниясы беделінің арқасында, жолаушыларымыздан жұмысымыздың жоғары бағасын және оң пікірлер алдық. Олар мына артықшылықтарға лайықты баға берді:

  • Airbus320 заманауи ұшақтары;
  • қосымша қызметтердің түр-түрі;
  • бағыттардың үлкен таңдауы;
  • қауіпсіздіктің жоғары деңгейі;
  • ұшу сапаларының төмен бағалары;
  • борттағы сапалы сервис;
  • байланыс орталығының болуы;
  • ыңғайлы және интуитивтік тұрғыдан түсінікті сайт, сондай-ақ көптеген басқа қызметтер.

Семейде көруге болатын орындар.

Жергілікті көрнекі жерлерді көру үшін жеткілікті бос уақытыңыз болса, міндетті түрде мына жерлерге барыңыз:

  • Ертіс өзенінен өтетін аспалы көпір;
  • Христостың қайта тірілу соборы;
  • биологиялық орталық – хайуанаттар бағы;
  • Өзен вокзалының қасындағы Тыныбай Қаукенов мешіті;
  • Екі мұнаралы соборлы мешіт;
  • Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық-драмалық театры
  • «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі

Семейдегі климат

Қала күрт континенттік климатқа ие. Алматы— Семей сапарына аттанған кезде, осы факторды ескеру керек. Жаз бұл жерде орташа ыстық және құрғақ болып,температура 42,5 °С-ге дейін барады.Қыста суық болып, қалың қар түседі (48,6 °С-ге дейін). Сапар үшін ең қолайлы жыл мезгілдері – көктем және күз. Сапар уақытына өзіңізбен бірге қолшатыр, жылы киім және т.с.с. қажетті заттарды алу үшін, Семейдегі ауа райы болжамымен танысып алуыңызды ұсынамыз.

Сатып алу

Күн

calendar