МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
FlyArystan әуекомпанияның ___ ______ 20__ жылғы FS ___ рейсіне қатысты төтенше жағдай орын алғанын өкінішпен растайды.
Жолаушыларымыздың, экипаждың және олардың отбасыларының қауіпсіздігі мен қолдау сезінуін қамтамасыз ету біздің басты құндылығымыз болып қала береді.
Туыстары мен жақындары үшін
• Сенім телефоны: Ақпарат алу үшін +7 727 244 55 52, 8 800 080 0440 нөмірі бойынша бізге хабарласыңыз.
• Көмек орталықтары: Біздің қолдау орталықтарымыз келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:
Ресми ақпарат
Сенімді ақпарат осы сайтта және әлеуметтік желілердегі біздің ресми парақшаларымызда жарияланатын болады:
БАҚ сұрақтары бойынша pr@flyarystan.com хабарласуыңызды сұраймыз
Қостанай
Алматыдан Қостанайға арзан әуебилеттер іздеудесіз бе? FlyArystan күніне екі рет тікелей рейс орындайды — бұл сапарыңызды жылдам, ыңғайлы және үнемді етеді. Ұшу уақыты — шамамен 2,5 сағат. Ұшулар Air Astana инженерлерінің техникалық бақылауындағы заманауи Эйрбас А320 ұшақтарымен орындалады. Қосымша қызметтерді өз қажеттілігіңізге сай таңдай аласыз. FlyArystan — Қазақстан бойынша сапар шегетін туристерге, отбасыларға және іскер адамдарға арналған ең жақсы таңдау. Алматы – Қостанай бағытына билетті онлайн сатып алыңыз – тиімді бағаға!
Ұшақ бортында өзіңізді барынша жайлы сезінуіңіз үшін келесі қосымша қызметтерді ұсынамыз:
Алматы – Қостанай әуебилеттерін сатып алу үшін сайттың басты бетіндегі іздеу формасын пайдаланыңыз. Ұшып шығу және қону қалаларын көрсетіп, қалаған ұшу күнін таңдап, жолаушылар санын белгілеңіз. Небәрі бірнеше секунд ішінде жүйе сұрауды өңдеп, тиімді нұсқаларды ұсынады. Рейс бойынша егжей-тегжейлі ақпаратпен, яғни ұшып шығу және қону уақытымен, әуежайлармен, ұшу ұзақтығымен және бағасымен алдын ала танысуға болады. Сонымен қатар қаражат пен уақытыңызды үнемдеу үшін қайту рейстеріне билеттерді бірден сатып алу мүмкіндігін береміз.
Ұшақпен саяхаттау жайлы әрі тез болғанына қоса, арзанға да түседі. FlyArystan лоукостер әуекомпаниясы Алматы – Қостанай бағытында ең тиімді тарифтер ұсынады.
Бұған қоса әуебилеттерді төмен бағамен сатып алудың бірнеше тексерілген әдісі бар:
Қостанай халықаралық әуежайы (IATA: KSN, ICAO: UAUU) бұрын Наримановка атауымен белгілі болған. 2022 жылдың маусым айында әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының есімі ресми түрде берілді. Әуежай Қостанай қаласының батыс бөлігінде орналасқан және тәулік бойы жұмыс істейді, жыл сайын 120 000-нан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Инфрақұрылымында заманауи жолаушылар терминалы және үш ұшу-қону жолағы бар.
Туристер ғимараттың тазалығы, ыңғайлы әуеқатынас, сондай-ақ автотұрақ пен кафенің болуы туралы оң пікірлер жазып жатады.
«Наримановкаға» жету үшін қоғамдық көлікті пайдалануға болады. Әуежайға сағат 06:40-тан бастап 23:00-ге дейін № 3 автобус («Автовокзал – Әуежай») жүреді.