Ақтау
Қазақстанның батыс бөлігіне саяхат немесе іссапар жоспарлағанда Алматы – Ақтау ұшағының билетін тиімді бағамен сатып алу оңтайлы нұсқа болады. FlyArystan лоукості осы бағытта арзан әуебилеттерді ұсына отырып, сапарыңыздың бюджетін төмендетеді. Әуекомпания сайтынан билеттерді сатып алу өте оңай – бұл үшін лайықты ұшып кету күнін таңдаса, ересектер, балалар және сәбилер санын көрсетсе, жолжүк түрін, ұнайтын орынды немесе қажетінше басқа қызметтерді таңдаса жеткілікті.
FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы сыйымдылығы 180 жолаушыны құрайтын Airbus А320 заманауи әуелайнерлерінде ұшып кету және қайту тікелей рейстерін аптасына бес рет жүзеге асырады. Алматы – Ақтау әуебилеттерінің бағасы елдің басқа тасымалдаушыларының бағасына қарағанда 50 % дейін арзан болады.
Алматы – Ақтау рейсі қайта отырғызусыз тікелей болғандықтан, сапар уақытын айтарлықтай үнемдеуге болады. FlyArystan әуекомпаниясы бюджеттік компания болғандықтан, билеттері арзан. Лоукост әуерейстердің басты ерекшеліктері:
Осы және басқа да ерекшеліктер ұшуға жайлы жағдайлар ұсына отырып, Ақтау бағытындағы әуебилеттер құнын төмендету мүмкіндігін береді.
Қазақстанның батысына аттанарда рейстер кестесін білген жөн. FlyArystan әуекомпаниясының түнгі ұшу сапары Алматы халықаралық әуежайынан жергілікті уақыт бойынша сағат 21:25-те жүзеге асырылады. Ақтау (SCO) әуежайына жергілікті уақыт бойынша сағат 0:50-те келеді. Қалалар арақашықтығы 2865 км құрайды, сондай-ақ олар әртүрлі сағаттық белдеулерде орналасқан. Алматы UTC +6, ал Ақтау UTC +5 белдеуінде орналасқан. Сондықтан уақыт айырмасын есепке алғанда орташа ұшу уақыты 4 сағаттан сәл асады. Алматы – Ақтау арзан әуебилеттерін сатып алғанда осыған назар аудару маңызды.
Алматы қаласының әуежайы жолаушылар ағыны бойынша Қазақстанда бірінші орынға ие. Ол елді мекеннен небәрі 15 км қашықтықта орналасқан. Заманауи автожол оны қала орталығымен байланыстырады және оған жол жағдайына байланысты 15–30 минутта жетуге болады. Әуежайға мынадай қоғамдық көліктермен жетуге болады: № 36, 79, 86, 92 және 106 автобустар.
Ақтау қаласының әуежайы, қаладан солтүстік-шығысқа қарай 21 км жерде орналасқан. Әуежайдан тәуліктің кез келген уақытында еш қиындықсыз таксимен немесе автобуспен жетуге болады.
Тіпті лоукост компаниялардың да Алматы – Ақтау әуебилеттерінің құнын төмендететін қосымша жеңілдіктері мен акциялары болады. Әуебилеттерді арзан сатып алу үшін брондау ерекшеліктерін білу маңызды.
Үнемдеуге мүмкіндік беретін танымал ережелердің бірі – ұшақ билеттерін аптаның ортасында (сейсенбі, сәрсенбі) немесе соңында (мысалы, сенбі) брондау. Көптеген жолаушылар демалыс күндері сапарға шығады, сондықтан Алматы – Ақтау бағытында арзан әуебилеттер сатып алу мүмкіндігі аз болады.
Әуебилеттерді сатып алған кезде ертерек брондау өте маңызды. Сапарыңыздың күндерін жоспарлап қойсаңыз, бағадан айтарлықтай үнемдеу үшін билеттерді ертерек сатып алғаныңыз жөн. Алматы – Ақтау рейсінің бағаларын қалыптастыруда маусым да маңызды рөлге ие. Жылдың жылы мезгілінде сұраныс жоғары болады, сондықтан билеттер құны артады.
Қол жүкпен немесе шағын рюкзакпен саяхаттасаңыз, билеттердің бағасы төмен болуы мүмкін.
Air Astana әуекомпаниясының лоукост бөлімшесі – FlyArystan компаниясы әуетасымалдар саласындағы барлық халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Экипаждардың жоғары біліктілігі, заманауи әуепарк және лайнерлерде көрсетілетін кәсіби қызмет бізбен жасаған сапарыңызды жайлы етеді. FlyArystan әуекомпаниясын таңдағаныңызға рақмет.