Артқа

Алматы

Ақтау - Алматы ұшағы: жайлылықпен саяхаттаңыз.

Қазақстанның батыс бөлігіне саяхат немесе іссапар жоспарлағанда Алматы - Ақтау ұшағының билетін тиімді бағамен сатып алу оңтайлы нұсқа болады. FlyArystan лоукості осы бағытта арзан әуебилеттерді ұсына отырып, сапарыңыздың бюджетін төмендетеді. Әуекомпания сайтынан билеттерді сатып алу өте оңай – бұл үшін лайықты ұшып кету күнін таңдаса, ересектер, балалар және сәбилер санын көрсетсе, жолжүк түрін, ұнайтын орынды немесе қажетінше басқа қызметтерді таңдаса жеткілікті.

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы сыйымдылығы 180 жолаушыны құрайтын Airbus А320 заманауи әуелайнерлерінде ұшып кету және қайту тікелей рейстерін аптасына бес рет жүзеге асырады. Алматы – Ақтау әуебилеттерінің бағасы елдің басқа тасымалдаушыларының бағасына қарағанда 50 % дейін арзан болады.

Ақтау - Алматы –  әуебилеттерінің құны

Ақтау – Алматы рейсі қайта отырғызусыз тікелей болғандықтан, сапар уақытын айтарлықтай үнемдеуге болады. FlyArystan әуекомпаниясы бюджеттік компания болғандықтан, билеттері арзан. Лоукост әуерейстердің басты ерекшеліктері:

  • Шағын жолжүкпен ұшқан кезде ұсынылатын тиімді бағалар, Ақтау – Алматы билетінің құны 12 999 ₸ басталады.
  • Әуебилеттерді ауыстырудың және қайтарудың арнайы шарттары.
  • Ұшу уақыты ұзақ емес.
  • Брондау кезінде салондағы орынды таңдаудың арнайы шарттары.
  • Билеттерді интернет арқылы әуекомпания сайтынан сатып алу мүмкіндігі.

Әуежайға апаратын трансфер

Алматы қаласының әуежайы жолаушылар ағыны бойынша Қазақстанда бірінші орынға ие. Ол елді мекеннен небәрі 15 км қашықтықта орналасқан. Заманауи автожол оны қала орталығымен байланыстырады және оған жол жағдайына байланысты 15–30 минутта жетуге болады. Әуежайға мынадай қоғамдық көліктермен жетуге болады: № 36, 79, 86, 92 және 106 автобустар.

Ақтау қаласының әуежайы, қаладан солтүстік-шығысқа қарай 21 км жерде орналасқан. Әуежайдан тәуліктің кез келген уақытында еш қиындықсыз таксимен немесе автобуспен жетуге болады. 

Әуебилеттерді тиімді жолмен сатып алу тәсілдері

Тіпті лоукост компаниялардың да Ақтау – Алматы әуебилеттерінің құнын төмендететін қосымша жеңілдіктері мен акциялары болады. Әуебилеттерді арзан сатып алу үшін брондау ерекшеліктерін білу маңызды.

Үнемдеуге мүмкіндік беретін танымал ережелердің бірі – ұшақ билеттерін аптаның ортасында (сейсенбі, сәрсенбі) немесе соңында (мысалы, сенбі) брондау. Көптеген жолаушылар демалыс күндері сапарға шығады, сондықтан Ақтау – Алматы бағытында арзан әуебилеттер сатып алу мүмкіндігі аз болады.

Әуебилеттерді сатып алған кезде ертерек брондау өте маңызды. Сапарыңыздың күндерін жоспарлап қойсаңыз, бағадан айтарлықтай үнемдеу үшін билеттерді ертерек сатып алғаныңыз жөн. Ақтау – Алматы рейсінің бағаларын қалыптастыруда маусым да маңызды рөлге ие. Жылдың жылы мезгілінде сұраныс жоғары болады, сондықтан билеттер құны артады.

Қол жүкпен немесе шағын рюкзакпен саяхаттасаңыз, билеттердің бағасы төмен болуы мүмкін.

Қауіпсіз саяхаттаңыз

Air Astana әуекомпаниясының лоукост бөлімшесі – FlyArystan компаниясы әуетасымалдар саласындағы барлық халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Экипаждардың жоғары біліктілігі, заманауи әуепарк және лайнерлерде көрсетілетін кәсіби қызмет бізбен жасаған сапарыңызды жайлы етеді. FlyArystan әуекомпаниясын таңдағаныңызға рақмет.

Сатып алу

Күн

calendar