• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Артқа

Алматы

Түркістан – Алматы әуебилеттері!

Түркістаннан (HSA) Алматыға (ALA) FlyArystan тікелей рейстерімен, аптасына 4 күн және ыңғайлы Airbus A320 ұшақтарымен саяхаттаңыз.  

FlyArystan Қазақстанның тарихи жауһарын Оңтүстік астанасымен байланыстырады. Түркістан - Алматы билетін брондап, сіз бір жарым сағатта 700 шақырымды ұшып, таулы Алматыға жетуге мүмкіндігіңіз бар.

Алматы - Іле Алатауының биіктігі 5000 метрге жуық таудың етегінде орналасқан Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Бұл мемлекеттің бұрынғы астанасы, ал қазір бұл қала экономикалық және мәдени өмірдің қарқындылығына байланысты Қазақстанның «Оңтүстік астанасы» деп аталады.

Қаланың өзінен басқа, жақын маңда ұлттық саябақтар мен тау шаңғысы курорттары бар биік таулар, Швейцарияның жарнамалық кадрларын еске түсіретін бүкіл аймақтың табиғи көрікті жерлері бар.

FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Түркістанға дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.

Бізбен саяхаттың артықшылықтары

FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana - ның еншілес кәсіпорны болып табыламыз. Біз техникалық қолдауды, қауіпсіздік қолдауды, оқытуды, жүйелер мен қызметтерді Air Astana авиакомпаниясынан аламыз.

Біз өз қызметімізді 2019 жылдың мамыр айынан жүргіземіз. Бүгін Алматыда, Астанада, Атырауда, Ақтауда және Шымкентте Airbus A320 CEO мен NEO ұшақтарының заманауи парктерінде негізделген қазақстандық және шетелдік арзан бағалы желістерін басқарамыз.

Жолаушылар максималды жайлылықты тиімді бағамен алады да, бізбен ұшудың келесі артықшылықтарын атап өтеді: төмен тарифтер, заманауи ыңғайлы ұшақтар, қосымша қызметтердің кең тандауы.

Билетті қандай әдіспен тиімдірек сатып алуға болады?

Билеттерді қосымша ақысыз брондау үшін FlyArystan мобильді қосымшасын немесе ресми веб-сайтын пайдаланыңыз. Классикалық авиакомпанияларға қарағанда лоукост билеттерінің құны әлдеқайда арзан. Бізбен ұшқан кезде жолаушылар қосымша қызметтердің барлық спектрін таңдайды: багажды тасымалдау, бортта тамақтандыру, сүйікті орынды таңдау және басқа да қызметтер. Билеттің соңғы құнын жолаушы өзі анықтайды.

Билеттерді алдын ала және екі бағытта брондау ұсынылады. Бұл сапарыңызды одан да тиімді етеді.

Әуежайдан қала орталығына қалай жетуге болады?

Оңтүстік астанаға ұшатын барлық рейстер Алматы халықаралық әуежайына келеді. Ол қаладан 13 шақырым жерде орналасқан және оның орталығына № 79, 86, 92 және 106 автобустарымен, таксимен (4000 теңгеге дейін) немесе жалға алынған көлікпен (10 000 теңгеден бастап) жетуге болады.

Алматының маңызды орындары

Алматының ең танымал көрікті жерлері:

  • Көктөбе. Қаланың басты символы –  Алматы телемұнарасы орналасқан тау. Телемұнарадан басқа, серуендеуге арналған алаң, мейрамханалар, айналма дөңгелегі және бүкіл Алматының панорамалық көрінісі бар.
  • Ескі орталық. Қаланың тарихи орталығы Панфилов және Достық көшелері аймағында орналасқан. Мұнда қала қонақтары негізгі сәулет құрылымдарын табады, көптеген кафелер мен театрларда уақытын өткізеді.
  • 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ. Алматыдағы ең көне және орталық саябақтардың бірі. Бұл жерде мегаполистің ең көне ғимараттары мен Ұлы Отан соғысының ескерткіші орналасқан.
  • Шаңғы курорттары. Алматыда тау шаңғысы курорттары көп. Ең танымалдары – Шымбұлақ, Ой - Қарағай және Табаған.
  • Ботаникалық бақ. Алматының ортасындағы үлкен аумақты алып жатқан бақ. Бақшада сіз флора мен фаунаның сирек үлгілерін таба аласыз, сонымен қатар тыныш орманда серуендеуге болады.
  • Ауданның табиғи көрікті жерлері. Алматы облысының таңғажайып табиғи көрікті жерлері бар. Құмды «Аққум-Қалкан», дүние жүзіндегі екінші үлкен каньон – Шарын каньоны, Көлсай және Қайыңды көлдерінің альпі пейзаждары бар.

Билеттерді брондау

Билетті брондау үшін iOS-ке арналған FlyArystan мобильді қосымшасын пайдаланыңыз: https://clck.ru/WxvbZ және Android-ке арналған қосымша: https://clck.ru/Wxvi4 немесе flyarystan.com веб-сайтында сапарыңызды брондаңыз.

Сатып алу

Күн

calendar