Қарағанды
Қарағанды – көптеген көрнекі жерлері, архитектура ескерткіштері бар, мәдениеті мен тарихы қызықтыратын Қазақстан орталығында орналасқан қала. Жыл сайын мыңдаған саяхатшылар елдегі мәдени орталығында бос уақытын өткізіп, көңіл көтеру үшін осында келеді. Саяхат жасаудың ең тиімді жолы – әуеұшулар, ол үлкен қашықтықтардан тез өтуге мүмкіндік береді. Бірінші қазақстандық лоукостер FlyArystan Қарағандыға ең төмен бағамен әуебилеттер ұсынады. Енді сағат санап, поезбен, машинамен немесе автобуспен жүрудің қажеті жоқ, сол ақшаға ұшаққа билет сатып алып, көп уақыт үнемдеуге болады. Ел ішінде ұшу ең көбі бірнеше сағат алады. Қазақстандағы реактивті ұшақтардан тұратын ең жаңа әуе паркі тез әрі жайлы ұшуға кепілдік береді. Airbus A320 лайнерлері бар болғаны 6 жыл бұрын шығарылған.
Қарағандыға жеткізетін ұшаққа ең арзан билеттер тауып алу үшін билеттерді алдын ала сатып алуды ойластырыңыз. FlyArystan лоукостер әуе компаниясының ресми сайтында ұшу бағыты бойынша ең жақсы ұсынысты таңдауға мүмкіндік беретін ыңғайлы іздеу жүйесі бар. Билетке белгіленген тарифтер жолаушылар қосымша қызметтерді өз қажеттіліктеріне қарай таңдасын деп құрылады.
Flyarystan.com сайтындағы оңай түсінуге болатын билеттерді іздестіру жолы әуебилеттерді пернеден бірнеше рет басып сатып алуға мүмкіндік береді. Әуе рейсінің бағытын таңдап, жолаушылар саны, ұшу күні мен қосымша қызметтерді көрсету керек. Содан кейін жолаушылар туралы мәліметтерді толтыру керек, бұл үшін төлқұжат немесе жеке куәлік қажет болады, билеттерге банк картасы арқылы онлайн төлеу керек. Авиабилеттерді іздеу және ресімдеу бар болғаны бірнеше минут уақытыңызды алады. Егер сұрақтарыңыз болса, FlyArystan лоукостерінің байланыс орталығына хабарласыңыз.
Сары-Арқа – халықаралық маңызы бар әуежай, Қазақстандағы ең үлкен аэродромдардың бірі. Қаладан 22 километр қашықтықта орналасқан. Ол салмағы бойынша шектеусіз барлық әуе кемелерін қабылдайды. Жыл сайын әуежай 2,5 миллионға жуық жолаушыға қызмет етеді. Сары-Арқа артықшылықтары арасында жолаушылар мыналарды белгілейді: аумағы үлкен, ашық жүзді қызметкерлер, жайлар тазалығы, кафе мен дүкендеріндегі ассортименті және тағы басқалар. Сондай-ақ, егер сіз балаңызбен саяхатқа шықсаңыз, сіз үшін жайлы болсын деп әуежай аумағында ана мен баланың заманға сай бөлмесі орналасқан.
Қазіргі Қарағанды – бұл тек қана өндірістік қала емес. Ол бұрыннан Қазақстанның индустриялық, экономикалық және мәдени орталығы, сондай-ақ маңызды жолдар торабы болып келеді. Мұнда жергілікті тұрғындар мен туристтердің мәдени демалуы мен көңіл көтеруі үшін барлығы бар. мұражайлар, театрлар, кинотеатрлар, ескерткіштер мен монументтер, түнгі клубтар, боулингтер, бар және мейрамханалар, қымбат емес, сондай-ақ бес жұлдызды қонақ үйлер бар. Бұған қоса Қарағанды арқылы әртүрлі туристік бағыттар өтеді.
FlyArystan ел ішінде қолжетімді және жайлылықпен, уайымсыз, көп уақыт пен қаражат жұмсамай саяхат жасауға мүмкіндік береді!