• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Артқа

Алматы

Алматыға әуебилеттер

Алматы – Қазақстанның ең ірі қаласы, еліміздің бизнес орталықтарының бірі. Алматыға жеткізетін әуе рейстері саяхатшылар арасында үлкен сұранысқа ие. Алматыға әуебилеттерді ең тиімді бағамен лоукостер FlyArystan сайтынан сатып алуға болады. Онлайн бронь қоюдың оңай түсінуге болатын интерфейсі қажетті бағыттағы әуебилеттерді пернеден бірнеше рет басып табуға және резервке қоюға мүмкіндік береді. Алматыдан ұшатын ұшақтар кестесімен біздің сайтымызда танысуыңызға болады. Компанияның әуе паркі Airbus А320 ұшақтарынан тұрады – бұл Қазақстандағы реактивті ұшақтардың ең жаңа паркі. Біздің ұшақтарымыз орташа алғанда шамамен бар болғаны 6 жыл бұрын шығарылған.

Алматыға жеткізетін ұшаққа билет сатып алу жолы

Өзіңізге керек ұшу бағытын, жолаушылар санын, ұшу күні мен қосымша қажетті қызметтер тізбесін таңдау керек. Ресімдеу процедурасы барынша қарапайым және ең көбі бірнеше минут алады. Сайттағы ескертулерді қараңыз, билеттерді ресімдеу үшін төлқұжат немесе жеке куәлік талап етіледі. Ұшаққа билеттер ақысы онлайн банк картасымен төленеді. Сұрақтарыңыз қалса, FlyArystan әуе компаниясының байланыс орталығына хабарласыңыз. Қолдау қызметінің мамандары сізге қуана кеңес беріп, мәселелеріңізді шешуге көмектеседі.

Алматыдан арзан бағамен ұшатын рейстер

Лоукостер әуе компаниясы ретінде біз Қазақстан бойынша әуеұшуларға ең жақсы бағалар ұсынамыз. Тариф сіз тек ұшу үшін ғана төлеп, қосымша қызметтерді жеке қажеттіліктер мен қалауыңыз бойынша таңдауға болатындай құрылады. FlyArystan әуе рейстері Алматыға тез әрі жайлы жетудің ең арзаң және тиімді жолы.

Алматы халықаралық әуежайы (IATA: ALA, ICAO: UAAA)

Алматыдан ішкі және халықаралық әуе рейстері күн сайын қаланың бас әуежайынан жүргізіледі. Алматы әуежайы қала орталығынан 25 километр қашықтықта орналасады, олардың арасында келесі автобус бағыттары жүреді: 79, 86, 92, 106. Алматы халықаралық әуежайы елдегі жолаушылар ағысының көлемі бойынша бірінші орын алуда. Әуежайда туристтер үшін анықтама бюросы, ақпараттық табло, консулдық бөлім, fast food, жүкті сақтау камерасы, валютаны айырбастау, дьюти фри дүкендері ұсынылады, Wi-Fi арқылы интернетке сымсыз қосылуға болады.

Көрнекі жерлер

Қаланың жүз жылдан асатын тарихы бар, Алматы бұрын Қазақстан астанасы болған, қазірдің өзінде де оны жиі оңтүстік астана деп атайды. Көптеген көрнекі жерлері арасында міндетті түрде назар аударуға болатын орындар:

  • Үлкен Алматы өзені Алматыдан 30 километр қашықтықта теңіз деңгейінен 2511 биіктікте орналасқан;
  • Қаладан 15 километр қашықтықтағы Медеу алқабы;
  • Зенковтың кафедралы соборы – металл шегелерді пайдаланбай ағаштан салынған ескі ғибадатхана;
  • Көк базар – көне тарихы бар нағыз шығыс базары; Бұл жер әсіресе гастрономиялық туризм әуесқойларының көңілінен шығады.

Алматы ерекше қала екені анық, бұл жерге ең болмаса демалыс күндерін өткізу үшін ұшып барып келу артық болмас. Осындай мүмкіндікті өткізіп алмай, Алматыға апаратын ұшаққа билеттерді қазірден-ақ бронға қойыңыз.

Климат

Алматыдағы орта жылдық температура шамамен +10°C құрайды. Қысқа кезеңде бұл көрсеткіш Цельсий бойынша шамамен минус төрт градус болады. Сапарыңызды сәуір-мамыр айларына жоспарлаған кезде, нақты осы кезеңде қалада ең көп жауын-шашын болатынын ескеруіңіз керек.


Сатып алу

Күн

calendar