• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Артқа

Чунцин

Чунцин әуебилеттері

Чунцин — Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан ең ірі мегаполистердің бірі. Қала ерекше сәулетімен, көркем таулы табиғатымен және әйгілі сычуань асханасымен танымал. Алматыдан Чунцинге тікелей рейстер аптасына 2 рет — сәрсенбі және сенбі (23 қыркүйектен бастап) күндері орындалады. 2026 ж. 21 қазанға дейінгі ұшуларға билеттер сатылымда.

Чунцинге келгенде, сіз аймақтың бай мәдениеті мен тарихына қанығып, жергілікті тағамдардан дәм татып, ерекше кәдесыйлар сатып ала аласыз.

Назар аударыңыз: Чунцинге/нен ( ұшатын рейстерге тегін онлайн тіркеу рейстің ұшу уақытынан 10 күн бұрын ашылады. FlyArystan-ның Қытайға/дан ұшатын рейстерінен басқа барлық рейстеріне онлайн тіркеу 30 күн бұрын ашылады. Рейске тіркеу ережелері туралы толығырақ мына жерде.

Неліктен бізбен ұшу тиімді?

FlyArystan – Орталық Азиядағы жетекші әуе компаниясы Air Astana-ның еншілес компаниясы. Біз жоғары деңгейдегі техникалық қолдау, қауіпсіздік, оқыту және қызметтер ұсынамыз. 2019 жылдың мамыр айынан бастап біз Қазақстан мен шетелдегі кең ауқымды бюджеттік рейстерді A320 CEO және NEO ұшақтарының заманауи паркімен орындаймыз.

Чунцинде қайда баруға болады?

Чунцин қаласының ең танымал көрікті жерлері:

  • Дацзу жартас бедерлері — ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген буддалық өнердің бірегей ескерткіші және өңірдің басты көрікті орындарының бірі.
  • Цыцикоу көне қалашығы — дәстүрлі сәулеті, көне Қытайдың ерекше атмосферасы мен жергілікті мәдениетін сақтап қалған Чунциннің ең танымал тарихи аудандарының бірі.

Әуебилетті тиімдірек қалай сатып алуға болады?

Алматы – Чунцин бағытына билеттер бағасын тексеру және оларды қосымша төлемсіз негізгі бағамен брондау үшін FlyArystan мобильді қосымшасын пайдалануды немесе біздің ресми сайтымызға кіріп қарауды ұсынамыз. Лоукост әуе компаниясымен ұшу арқылы сіз билетке артық төлемейсіз және қажет қызметтерді таңдап аласыз: багаж тасымалы, борттағы тамақтану, орын таңдау және т.б.

Ұшу билеттерін екі жаққа және алдын ала брондауды ұсынамыз. Осылайша, сіз сапарыңызды одан да тиімді етесіз.

Чунцин әуежайынан қала орталығына қалай жетуге болады?

Чунцин Цзянбэй халықаралық әуежайы қала орталығынан шамамен 25–30 км қашықтықта орналасқан. Қала орталығына метро, такси немесе автобуспен жетуге болады.

  • Такси: терминалдан шыққан жерде қолжетімді. Жол жүру уақыты шамамен 30–40 минут.
  • Метро: 10-желі (Line 10) әуежайды қала орталығымен байланыстырады, жолда ауысып мінуге болады. Жол жүру уақыты шамамен 40–50 минут.
  • Автобус: әуежай мен қаланың негізгі аудандары арасында тұрақты шаттл автобустары қатынайды. Жол жүру уақыты шамамен 40–60 минут.

Сатып алу

Рейс күні

calendar