• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек

FlyArystan әуекомпаниясына қош келдіңіз!

Құрметті әріптес!

FlyArystan — Қазақстанның алғашқы бюджеттік әуе компаниясының командасына қош келдіңіз! Сіздің мансабыңыз үшін дұрыс шешім қабылдадыңыз. Біздің компанияда жеке және кәсіби өсу үшін ең жақсы жағдайлар күтіп тұр.

FlyArystan 2023–2025 жылдары Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік лоукост әуекомпаниясы ретінде танылды. Біз жоғары деңгейімізді сақтап, үнемі дамуға ұмтыламыз.

flyarystan.com ресми сайтынан компания туралы ақпаратты, біздің құндылықтарымыз бен артықшылықтарымызды таба аласыз. Біз адамдарды қауіпсіз және ыңғайлы саяхаттауға мүмкіндік беру арқылы көкжиектерін кеңейтуге шабыттандырамыз. Сондай-ақ, іскерлік этика кодексімен танысуды ұсынамыз. Бұл құжат әріптестеріңізбен және серіктестеріңізбен табысты қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Кодекс сілтеме бойынша қолжетімді.

Жұмысқа тіркелудің бірнеше қадамы

  1. Тізім бойынша құжаттарды жинап, нұсқауға сәйкес құжаттарды сканерлеңіз.
  2. Сауалнаманы толтырыңыз (жеке парақ).
  3. Келесі формаларды басып шығарыңыз, толтырыңыз және сканерлеңіз:
    Дербес деректерді өңдеуге келісім беру;
    Келісім парағы;
    - Мүдделер қақтығысының болмауы/болуы туралы мағлұмдама;
  4. Барлық сканерленген құжаттарды және толтырылған сауалнамаларды сыртқы электрондық тасымалдағышқа (USB флеш карта) сақтаңыз.
  5. Флэш-картаны тізімде көрсетілген мекенжай бойынша әуекомпания кеңсесіне түпнұсқалармен бірге әкеліңіз.
  6. Әуежайға пропуск беру үшін ғана келесі үлгіні басып шығарып, толтыру керек.

Барлық формаларды бірден жүктеп алсаңыз болады.

Жаңа жұмысыңыздың алғашқы күндері туралы маңызды мәліметтер

Сіздің алғашқы жұмыс күніңіз

Бірінші күні сізге жұмыс орныңыз дайындалады және тікелей басшыңызбен кездесу ұйымдастырылады. Бірінші аптада сіз компания құндылықтары мен негізгі жұмыс принциптерімен танысатын «Welcome Day» кіріспе курсына қатысасыз.

Жұмыс кестесі

Стандартты жұмыс күні 8:00-де басталып, 17:00-де аяқталады, түскі үзіліс 12:00-ден 13:00-ге дейін. Ауысымдық кестемен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін жеке кесте қолданылады. Кеңседе жабдықталған ас үй аймақтары бар.

Киім үлгісі

Біз іскерлік киім стилін ұстанамыз. Егер сізге форма берілсе, компанияның ішкі стандарттарына сәйкес оны кию ережелерін сақтаңыз.

Сұрақтарыңыз қалды ма?

  • Егер сізде сұрақтар туындаса, бізге электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: newcomers@flyarystan.com;  
  • телефон арқылы +7 (727) 258 41 35, ішкі нөмір: 3555;
  • ұялы телефон: +7 (701) 234 30 50.

 

Сондай-ақ, Сізге 2026 жылға дейінгі компанияны дамыту стратегиясының негізгі тармақтары көрсетілген бейнепрезентацияны көруді ұсынамыз. Видеоны мына сілтеме арқылы көруге болады.