• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Артқа

Астана

Орал Астана әуебилеттері!

Біреу Астанаға оқуға барады, біреу — іссапарға, ал енді біреу — елорданың ерекше ритмін сезінгісі келеді. Оралдан ұшып, бар болғаны бірнеше сағат ішінде заманауи сәулет пен жігерге толы Астананың жүрегіне жетесіз. 

Жайлы Airbus A320 ұшағымен тікелей рейс — сіз Есілдің сол жағалауындасыз: зәулім ғимараттар, университеттер мен мәдени шаралар осы жерде шоғырланған. Қазақстанның болашағы қалыптасып жатқан қалаға саяхаттаңыз. Рейстер аптасына 14 ретке дейін, күн сайын орындалады. Орал (URA) — Астана (NQZ) бағытындағы билетіңізді дәл қазір брондаңыз — алдын ала сатып алу тиімдірек!

Орал - Астана билеттерін қалай сатып алуға болады?

Билетті онлайн бірнеше қарапайым қадаммен сатып алуға болады:

  1. FlyArystan ресми сайтына немесе мобильді қолданбасына кіріңіз.
  2. Қайдан: Орал, Қайда: Астана, бару/қайту күндерін және жолаушы санын таңдаңыз. Назар аударыңыз: 2 жасқа дейінгі сәби үшін де билет рәсімделуі керек – ол бөлек орынсыз ересектің қолында тегін тасымалданады. Толығырақ мына жерде.
  3. "Сатып алу / Іздеу" батырмасын басыңыз – жүйе сізге қолжетімді рейстер мен тарифтік топтамаларды ұсынады. Сондай-ақ, билетіңізге бөлек жолжүк, үлкейтілген қолжүгін, салон ішінде өзіңізге ыңғайлы орынды таңдапыстық тамақ немесе басқа да аранайы қызметтерді қоса аласыз. Ең ұтымды бағаны табу үшін "Төмен баға күнтізбесі" функциясын пайдаланыңыз. Сапар күндеріне сенімді емессіз бе? Онда Ozgert қызметіне назар аударыңыз - ұшу күндерін айыппұлсыз өзгертуге мүмкіндік береді
  4. Өзіңізге қолайлы рейсті таңдап, брондауды рәсімдеңіз. Әуебилеттерді төлеу әдістері. Рейсіңізге тіркелуді ұмытпаңыз! Рейске тіркелу және ұшаққа отырғызу ережелерімен мұқият танысыңыз.

Астанадан ұшатын барлық рейстерді қарау. Оралдан ұшатын барлық рейстерді қарау

Әуежайдан қала орталығына қалай жетуге болады?

Барлық халықаралық рейстер елорданың басты – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына келеді. Қала орталығына автобуспен немесе таксимен жетуге болады:

  • Автобус. №10 немесе №12. Жол жүру уақыты – шамамен 40 минут. Жол ақысы көлік картасымен – 90 теңге, қолма-қол – 180 теңге.
  • Такси. Жол жүру уақыты – шамамен 30 минут. Бағасы – 2500–3000 теңге шамасында.

Астанада қайда баруға болады?

Астананың ең танымал көрікті жерлері:

      • Бәйтерек монументі. Елорда символы. Мұнараның жоғарғы бөлігінен қаланың әсем көрінісін тамашалауға болады.
      • Хан Шатыр.Сауда және ойын-сауық орталығы, ерекше архитектурасымен танымал. Ішінде аквапарк, кинотеатр және дәмханалар бар.
      • Бейбітшілік және келісім сарайы. Келіссөздер мен саммиттерге арналған пирамида тәрізді ғимарат. Ол қазіргі Қазақстанның бейбітсүйгіш, көпвекторлы саясатын бейнелейді.
      • Астана ЭКСПО. Экспо 2017 халықаралық көрмесіне арнап салынған павильондар кешені. Павильондардан бөлек, «Нұр-Әлем» мұражайы мен серуендеу алаңы бар. Мұражайдың ерекше пішініне байланысты оны жиі «Жұлдызды соғыстар» дастанындағы «Өлім жұлдызы» кемесі деп атайды.
      • Бурабай. Бурабай деп те белгілі ұлттық саябақты Қазақстанның інжу-маржаны деп атайды. Бурабай – көптеген көлдері, таулары мен ормандары бар Қазақстанның табиғи көрікті жері. Саябақта жыл сайын елорданың мыңдаған тұрғындарын қабылдайтын көптеген қонақүйлер мен мейрамханалар бар.

FlyArystan — Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Ол өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап FlyArystan өз сертификатымен, FS коды бойынша тәуелсіз әуекомпания ретінде қызмет көрсетуде. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен кең ауқымды маршруттар желісі бойынша рейстер орындайды. FlyArystan маршруттар желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023, 2024  және 2025 жылдары үш рет Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы деп танылды.

Сатып алу

Күн

calendar