Артқа

Алматы

Орал – Алматы әуебилеттері!

Батыс Қазақстан облысының орталығы – Оралдан (URA) оңтүстік астана – Алматыға (ALA) төмен бағамен, жайлы Airbus A320 ұшағымен тікелей рейстер!

Орал – Алматы рейсі сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері кешкі уақытта орындалады, бұл 2114 шақырымды 3 сағатта ұшып өтуге мүмкіндік береді. Алматыға ұшқанда уақыт белдеулері өзгеретінін ескерген жөн. Орал қаласы UTC +5 уақыт белдеуінде, ал Алматы UTC +6 уақыт белдеуінде орналасқан. Осылайша, ұшу уақыты бір сағатқа ұзарады.

Алматы - Қазақстанның қарқынды мәдени және экономикалық өмірі бар ең ірі қаласы. Оңтүстіктегі қала Іле Алатауының етегінде орналасқан, оның биіктігі 5000 метрге жуық. Мегаполис өзінің орналасуына байланысты жылы, желсіз климатқа ие. Қаланың қай жерінде болсаңыз да, биік, әсем таулардың көрінісін тамашалай аласыз. Мұнда сіз көптеген мәдени орындарға, барлар мен мейрамханаларға баруға және қаладан отыз минуттық жерде орналасқан ұлттық саябақтарды, тау шаңғысы курорттарын тамашалауға мүмкіндігіңіз бар.

Ежелгі көшпенділердің Алматы облысын басты үлес ретінде таңдағаны таңқаларлық емес, өйткені бұл аумақ өзінің құнарлылығымен және табиғи тартымдылығымен ерекшеленеді. Бұл көлдері мен жасыл шалғындары, өзендері, шатқалдары мен құм төбелері бар әдемі аймақтар.

FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Алматыға дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.

Бізбен саяхаттың артықшылықтары

FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana - ның еншілес кәсіпорны болып табыламыз. Біз техникалық қолдауды, қауіпсіздік қолдауды, оқытуды, жүйелер мен қызметтерді Air Astana авиакомпаниясынан аламыз.

Біз өз қызметімізді 2019 жылдың мамыр айынан жүргіземіз. Бүгін Алматыда, Нұр-Сұлтанда, Атырауда, Ақтауда және Шымкентте Airbus A320 CEO мен NEO ұшақтарының заманауи парктерінде негізделген қазақстандық және шетелдік арзан бағалы желістерін басқарамыз.

Жолаушылар максималды жайлылықты тиімді бағамен алады да, бізбен ұшудың келесі артықшылықтарын атап өтеді: төмен тарифтер, заманауи ыңғайлы ұшақтар, қосымша қызметтердің кең тандауы.

Алматының көру - керек орындары

Қаланың ең танымал көрікті жерлері:

  • Көктөбе. Алматының басты символы – Алматы телемұнарасы орналасқан биік төбе. Төбеде телемұнарадан басқа мейрамханалар, айналма дөңгелек және бүкіл қаланың панорамалық көрінісі бар. Кешке баруға ұсынамыз.
  • Ескі орталық. Ең маңызды сәулет құрылымдары мен ойын-сауық мекемелерінің көпшілігі қаланың орталық аймағында, Абылай хан және Достық көшелерінің арасында орналасқан. Соңғы жылдары Алматы жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін айтарлықтай өзгерді, сондықтан қала жаяу немесе скутермен/велосипедпен жүруге тамаша. Скутерлер мен велосипедтерді жалға алу қызметтері бар.
  • 28 панфиловшылар атындағы саябақ. Алматыдағы ең көне саябақ тағы бір көру - керек жер. Саябақтың ішінде қаланың алғашқы ғимараттары мен Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіш бар.
  • Шаңғы курорттары. Қала қонақтары тау шаңғысы курорттарында көп уақытын өткізеді. Мұнда қысқы спорт түрлерінен басқа мейрамханалар, қонақүйлер мен ойын-сауық аймақтарын таба аласыз. Ең танымал курорттар – Шымбұлақ, Ой Қарағай және Табаған.
  • Ботаникалық бақ. Алматының ортасында тұтас орман бар. Ішінде ғылым мен мәдениет орталығы бар ботаникалық бақ. Аумақта сирек кездесетін өсімдіктер мен әртүрлі жануарларды кездестіруге болады.
  • Ауданның табиғи көрікті жерлері. Құмды «Аққұм - Қалқан», Шарын шатқалы, Көлсай мен Қайыңды. Қонақтар Қазақстан туралы ақпаратты іздегенде, ең алдымен осы табиғи көрікті жерлерді табады. Олардың барлығы Алматы облысында 300 шақырым радиуста орналасқан.

Билетті қалай тиімдірек сатып алуға болады?

Орал - Алматы әуе билеттерінің бағасын білу және билеттерді негізгі бағамен сатып алу үшін Android және iOS құрылғыларыңызға арналған FlyArystan қосымшасын немесе ресми сайтты пайдалануды ұсынамыз. Классикалық авиакомпанияларға қарағанда лоукост - авиакомпаниялармен саяхаттау әрқашанда арзанырақ, өйткені бізбен ұшқан кезде жолаушы билеттің түпкілікті құнын барлық қажетті қызметтерді таңдап өзі анықтайды: багажды тасымалдау, борттағы тамақтану, сүйікті орынды таңдау және басқалар.

Билеттерді алдын ала және екі бағытқа брондау ұсынылады. Осылайша, сапарыңыз одан да тиімді болады.

Әуежайдан қала орталығына қалай жетуге болады?

Барлық рейстер Алматы халықаралық әуежайына ұшып келеді. Ол қаладан 13 шақырым жерде орналасқан.

Қала орталығына No 79, 86, 92 және 106 автобустарымен 80 теңгеге немесе 4000 теңгеге дейінгі таксимен жетуге болады. Күніне 10 000 теңгеден бастап тұратын көліктер де жалға беріледі.

Билеттерді брондау

Билетті брондау үшін iOS-ке арналған FlyArystan мобильді қосымшасын пайдаланыңыз: https://clck.ru/WxvbZ және Android-ке арналған қосымша: https://clck.ru/Wxvi4

Сатып алу

Күн

calendar