Артқа

Ақтау

Ыстамбұл – Ақтау әуебилеттері!

Ыстамбұл (IST) - Ақтау (SCO)  тікелей рейстер жайлы Airbus A320 ұшақтарымен әр бейсенбі және сенбі күндері орындалады. Қосымша рейстер 2024 ж. 2 шілдесінен бастап сейсенбі, ал 2024 ж. 24 шілдесінен бастап сәрсенбі күндері ұшады. Бұл екі қала арасында жиілікті аптасына 4 рейске дейін арттырады.

Ыстамбұл – Ақтау ұшағымен 3 сағатта 1840 шақырымды ұшып өтіп, теңізді Ақтауды өзіңізге аша аласыз. Бұл Маңғыстау облысының орталығы, Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Мұнда Қазақстанның жалғыз теңіз порты, барқыт жағажайлар мен ерекше табиғи көрікті жерлер бар. Соңғы жылдары туризм индустриясы теңіз жағасында орналасуына байланысты қарқынды дами бастады. Ақтаудың ұзын жағалауында теңіз тағамдары бар мейрамханалар, қонақүйлер мен ойын-сауық орталықтары көбейіп келеді.

Маңғыстаудың табиғаты ерекше назар аударуға тұрарлық. Миллиондаған жылдар бұрын Қазақстанның бұл бөлігі ежелгі Тетис мұхитының астында болған. Бұл әлі күнге дейін көруге болатын ежелгі теңіз тұрғындарының қалдықтарынан белгілі. Маңғыстау - бүкіл аймақтағы шатқалдар, шөлді аңғарлар мен көптеген түйелер жүрген көрініс. Қазір мұнда клиптер мен фильмдер белсенді түрде түсірілуде.

FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Ақтауға дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.

Бізбен саяхаттың артықшылықтары

FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana - ның еншілес кәсіпорны болып табыламыз. Біз техникалық қолдауды, қауіпсіздік қолдауды, оқытуды, жүйелер мен қызметтерді Air Astana авиакомпаниясынан аламыз.

Біз өз қызметімізді 2019 жылдың мамыр айынан жүргіземіз. Бүгін Алматыда, Астанада, Атырауда, Ақтауда және Шымкентте Airbus A320 CEO мен NEO ұшақтарының заманауи парктерінде негізделген қазақстандық және шетелдік арзан бағалы желістерін басқарамыз.

Жолаушылар максималды жайлылықты тиімді бағамен алады да, бізбен ұшудың келесі артықшылықтарын атап өтеді: төмен тарифтер, заманауи ыңғайлы ұшақтар, қосымша қызметтердің кең тандауы.

 

Ақтаудың көру - керек жерлері

  • «Меловой» шамшырағы. Бірегей шамшырақ тұрғын үйдің төртінші қабатында орналасқан. Мұнда лифтке отырып, теңіз жағасындағы шуақты Ақтауды түгел тамашалауға болады.
  • Ақтау жағалауы. Бұл ұзақ серуендеу алаңы теңіз бойында созылып жатыр. Мұнда сіз керемет теңіз көріністері бар жақсы мейрамханаларды таба аласыз.
  • Үстірт. Әйгілі бор каньондары бұрын ежелгі теңіз түбінде болған. Нағыз марс пейзажын осында таба аласыз.
  • Бекет-Ата және Сұлтан-Епе қорымдары. Жерасты мешіттері бар сопылық пайғамбарлардың кесенелері.
  • Қасиетті Шерғала тауы. Әктас тау киіз үйге ұқсайды. Тау теңіз тұрғындарының қалдықтарынан пайда болған түрлі-түсті жолақтарымен туристтердің назарын аударады.

Билетті қалай тиімдірек сатып алуға болады?

Билеттерді негізгі бағамен және тікелей брондау үшін құрылғыларыңызға арналған FlyArystan қосымшасын немесе ресми веб-сайтты пайдалануды ұсынамыз. Лоукост авиакомпаниялардың рейсінің құны классикалық авиакомпанияларға қарағанда әрқашан төмен. Бізбен саяхаттау кезінде жолаушы барлық қажетті қосымша қызметтерді таңдай отырып, рейстің соңғы құнын өзі аңықтайды: багажды тасымалдау, борттағы тамақтану, сүйікті орынды таңдау және т.б.

Билеттерді алдын ала және екі бағытта брондау ұсынылады. Осылайша, сапарыңыз одан да тиімді болады.

Әуежайдан қала орталығына қалай жетуге болады?

Барлық рейстер Ақтау халықаралық әуежайына келеді. Ол алыс емес, қаладан 26 шақырым жерде орналасқан. Әуежайдан қала орталығына автобуспен 350 теңгеге немесе таксимен 2000 теңгеден бастап жетуге болады.

Билеттерді брондау

Билетті брондау үшін iOS-ке арналған FlyArystan мобильді қосымшасын пайдаланыңыз: https://clck.ru/WxvbZ және Android-ке арналған қосымша: https://clck.ru/Wxvi4

Cілтеме арқылы Қазақстанға кіру талаптарымен алдын ала танысуды сұраймыз.

Сатып алу

Күн

calendar