Артқа

Қызылорда

Ақтау – Қызылорда әуебилеттері: FlyArystan тікелей рейстері

Бүгінгі таңда туристер Ақтау – Қызылорда бағдары бойынша жиі FlyArystan лоукостер әуекомпаниясының ұшақтарымен саяхаттауды қалайды. Қазақстанның осы қалалары арасындағы көлікпен, автобуспен немесе пойызбен өту үшін көп уақыт және күш қажет. Сонымен қатар бұл ыңғайлы болмауы мүмкін. Алматы – Қызылорда рейсін таңдап, ұшқан сәттен бастап небәрі бір жарым сағаттан кейін межелі қалаға жетесіз. Әуекомпанияның кәсіпқой командасы ұшуды жайлы әрі қауіпсіз етеді.

Ақтау мен Қызылорда арасындағы тікелей рейстер 3 маусымнан бастап дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Билеттер 2024 жылдың маусым-тамыз айларында тікелей рейстерге сатылады. Сондай-ақ, Алматы арқылы түйісетін рейстерді таңдай аласыз.

Ақтаудан Қызылордаға әуебилеттерді тиімді сатып алу

FlyArystan әуекомпаниясындағы Ақтау – Қызылорда әуерейстерінің қолжетімді бағалары ең аз бюджетпен саяхаттауға мүмкіндік береді. Әуебилеттерді тиімді сатып алу үшін ұсыныстарды мүмкіндігінше ертерек іздей бастаған дұрыс. Бұл үшін біздің сайтымыздағы іздеу формасын қолдану керек. Қажетті жолдарды толтырыңыз: межелі қала және қажетті ұшу күндері, жолаушылардың жасы мен саны. Сұрау жіберіп, бір сәтте қолжетімді ұшу нұсқаларын алыңыз.

Қолайлы күндерді таңдап, қосымша қызметтері бар тарифтік пакеттерді қосыңыз, паспорт деректерін көрсетіңіз және билеттер ақысын тікелей әуекомпания сайтынан төлеңіз. Барлық төлемдер толығымен қауіпсіз.

Ақтау – Қызылорда сапарын жоспарлағанда, қайту билеттерін де ойластырып қойыңыз. Бұл билеттерді бөлек сатып алғанға қарағанда әлдеқайда тиімді. Сонымен қатар сіз ақшаңызды ғана емес, қолайлы рейстерді іздеуге және таңдауға кететін уақытты да үнемдейсіз.

FlyArystan әуекомпаниясының тарифтік пакеттері

Жолаушыларға қосымша қызметтерді қамтитын төрт тариф ұсынылған. Стандарт, Стандарт Плюс, Комфорт және Комфорт Плюс пакеттерінің бірін таңдаңыз. Олар әртүрлі қызметтер жиынтығымен ерекшеленеді, олардың ішінде қосымша қолжүк, жолжүк, орын таңдау, алғашқы болып отыру, брондау күнін өзгерту және т. б. бар. Біздің туристер арасында Ақтау – Қызылорда лоукосты бойынша ең көп қолданылатын тариф – Комфорт Плюс. Оған ең көп сұранысқа ие қызметтер кіреді, олардың пакеттік ұсыныстағы құны бөлек сатып алғанға қарағанда 20–30 % арзан. Қызметтер туралы толық ақпарат әуекомпания сайтында берілген.

Қызылорда (KZO) әуежайы

Қызылорданың «Қорқыт Ата» халықаралық әуежайы орталықтан небәрі 10 км қашықтықта орналасқан. Ыңғайлы көлік қатынасы қалаға қиындықсыз жетуге мүмкіндік береді. Мысалы, № 30 автобуспен әуежайдан вокзалға дейін жетуге болады. Сонымен қатар такси қызметтерін пайдалануға болады.

Қызылордада көруге болатын орындар

Қызылордаға барған кезде бос уақытыңыз болса, оны қаланың мынадай көрнекі жерлерін көру үшін жұмсаңыз:

  • 1878 жылғы Айтбай мешіті;
  • 1905 жылы салынған т/ж вокзалының ескі ғимараты;
  • 1956 жылғы бөгет;
  • Жалаңтөс Баһадүр ескерткіші;
  • Бұқарбай батыр ескерткіші.

Сатып алу

Күн

calendar