Артқа

Ақтөбе

Ақтөбеге әуебилеттер

Саяхат жасаудың ең тиімді жолы – әуеұшулар, ол үлкен қашықтықтардан тез өтуге мүмкіндік береді. Бірінші қазақстандық лоукостер FlyArystan Ақтөбеге ең төмен бағамен әуебилеттер ұсынады. Енді сағат санап, поезбен, машинамен немесе автобуспен жүрудің қажеті жоқ, сол ақшаға ұшаққа билет сатып алып, көп уақыт үнемдеуге болады. Ел ішінде ұшу ең көбі бірнеше сағат алады. Қазақстандағы реактивті ұшақтардан тұратын ең жаңа әуе паркі тез әрі жайлы ұшуға кепілдік береді. Airbus A320 лайнерлері бар болғаны 6 жыл бұрын шығарылған.

Ақтөбеге арзан әуебилеттер

Ақтөбеге жеткізетін ұшаққа ең арзан билеттер тауып алу үшін билеттерді алдын ала сатып алуды ойластырыңыз. FlyArystan лоукостер әуе компаниясының ресми сайтында ұшу бағыты бойынша ең жақсы ұсынысты таңдауға мүмкіндік беретін ыңғайлы іздеу жүйесі бар. Билетке белгіленген тарифтер жолаушылар қосымша қызметтерді өз қажеттіліктеріне қарай таңдасын деп құрылады.

Ұшаққа билет сатып алу жолы

Flyarystan.com сайтындағы оңай түсінуге болатын билеттерді іздестіру жолы әуебилеттерді пернеден бірнеше рет басып сатып алуға мүмкіндік береді. Әуе рейсінің бағытын таңдап, жолаушылар саны, ұшу күні мен қосымша қызметтерді көрсету керек. Содан кейін жолаушылар туралы мәліметтерді толтыру керек, бұл үшін төлқұжат немесе жеке куәлік қажет болады, билеттерге банк картасы арқылы онлайн төлеу керек. Авиабилеттерді іздеу және ресімдеу бар болғаны бірнеше минут уақытыңызды алады. Егер сұрақтарыңыз болса, FlyArystan лоукостерінің байланыс орталығына хабарласыңыз.

FlyArystan ел ішінде қолжетімді және жайлылықпен, уайымсыз, көп уақыт пен қаражат жұмсамай саяхат жасауға мүмкіндік береді!


Сатып алу

Күн

calendar