• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Артқа

Ақтау

Ақтау бағытындағы әуебилеттер

Ақтауға әуебилеттер Қазақстанның ірі қалаларынан және танымал халықаралық бағыттардан орындалатын тікелей рейстерге қолжетімді. Ақтауға тікелей рейстер Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Атырау және Орал қалаларынан, сондай‑ақ Дубай–Ақтау, Баку–Ақтау және Кутаиси–Ақтау халықаралық бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

FlyArystan әуекомпаниясы Ақтауға тікелей рейстерді 180 / 188 орынмен жабдықталған заманауи Airbus A320 / Airbus A320 NEO лайнерлерімен орындайды. Ақтауға тұрақты рейстері жолаушыларға әртүрлі өңірлерден ыңғайлы әрі қолжетімді сапарлауға мүмкіндік береді.

Арзан билеттерді қалай сатып алуға болады?

Билетті онлайн бірнеше қарапайым қадаммен сатып алуға болады:

  1. FlyArystan ресми сайтына немесе мобильді қолданбасына кіріңіз.

  2. Қайдан: қалаңыз, Қайда: Ақтау, бару/қайту күндерін және жолаушы санын таңдаңыз. Назар аударыңыз: 2 жасқа дейінгі сәби үшін де билет рәсімделуі керек – ол бөлек орынсыз ересектің қолында тегін тасымалданады. Толығырақ мына жерде.

  3. "Сатып алу / Іздеу" батырмасын басыңыз – жүйе сізге қолжетімді рейстер мен тарифтік топтамаларды ұсынады. Сондай-ақ, билетіңізге бөлек жолжүк, үлкейтілген қолжүгін, салон ішінде өзіңізге ыңғайлы орынды таңдапыстық тамақ немесе басқа да аранайы қызметтерді қоса аласыз. Ең ұтымды бағаны табу үшін "Төмен баға күнтізбесі" функциясын пайдаланыңыз. Сапар күндеріне сенімді емессіз бе? Онда Ozgert қызметіне назар аударыңыз - ұшу күндерін айыппұлсыз өзгертуге мүмкіндік береді

  4. Өзіңізге қолайлы рейсті таңдап, брондауды рәсімдеңіз.

Әуебилеттерді алдын ала және бірден екі бағытта сатып алуды ұсынамыз. Осылайша сіз сапарыңызды одан да тиімді ете аласыз.

Әуежайдан қаланың орталығына қалай жетуге болады?

Ақтау халықаралық әуежайы (SCO) қала орталығынан шамамен 23 км қашықтықта орналасқан. Қаланың орталығына қоғамдық көлікпен 350 теңгеге (~0.8 доллар) немесе таксимен 2000 теңгеден бастап (~4–5 доллар) жете аласыз.

Ақтауда қайда баруға болады?

  • Каспий теңізі жағалауы. Әсіресе күн батар уақытында серуендеуге тамаша орын. Мұнда кафе, аттракциондар мен жағажайлар орналасқан.
  • Шерқала тауы мен Торыш шарлар алқабы (Ақтауға жақын жерде). Туристер мен фотографтар арасында танымал Маңғыстаудың ерекше табиғи нысандары.
  • Бекет-Ата мешіті (жерасты үңгірінде орналасқан). Аймақтың маңызды рухани орындарының бірі. Қаладан шамамен 250 км жерде, экскурсия құрамында жиі барады.
  • «Отпан Тау» этноауылы. Қазақ тарихы мен дәстүріне арналған мұражайлар мен ескерткіштері бар тарихи-мәдени кешен.
  • Ақтаудың жағажайлары. Қала тасты және құмды жағажайларымен, мөлдір суымен және жылы климатымен танымал. Жазда су температурасы +24…+26 °C дейін жылынады.
  • Aktau City Center және сауда орталықтары. Жайлы кафе, сауда галереялары, демалыс пен ойын-сауық аймақтары — бәрі де қолайлы уақыт өткізу үшін.

Дианамыздың "Low-cost Travel" айдарынан нұсқаулық бейнесін тамашалап, өзіңіздің жоспарыңызға Ақтауға баруға тұрарлық жерлерді қосыңыз.

FlyArystan — Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Ол өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап FlyArystan өз сертификатымен, FS коды бойынша тәуелсіз әуекомпания ретінде қызмет көрсетуде. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен кең ауқымды маршруттар желісі бойынша рейстер орындайды. FlyArystan маршруттар желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023, 2024  және 2025 жылдары үш рет Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы деп танылды.

Құжаттар, брондау және төлем, қосымша қызметтер, тарифтер, тіркеу, рейс мәртебесінің өзгеруі және басқа да жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды осы жерден таба аласыз.


Сатып алу

Рейс күні

calendar