• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек

Тасымалдаушының кінәсінен рейс статусы өзгерген жағдайда не қарастырылған

Әуетасымалдаушы кесірінен рейс статусы өзгерген жағдайда ұсынылатын қызметтер:

  • Жеті жасқа дейінгі баламен саяхаттайтын жолаушы ана мен бала бөлмесімен (болған жағдайда) сұраныс бойынша қамтамасыз етіледі;
  • Рейс статусы екі сағаттан артық уақытқа өзгерген жағдайда жолаушы алкогольсіз сусындармен қамтамасыз етілуге, ұзақтылығы бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырау шалуға, соның ішінде халықаралық желіге, немесе электронды пошта арқылы екі хабарлама жіберуге құқылы.
  • Рейс статусы 4 сағаттан артық уақытқа өзгерген жағдайда — ыстық тамақ.
  • Рейс статусы күндізгі уақытта 8 сағаттан артық және түнгі уақытта 6 сағаттан артық уақытқа өзгерген жағдайда, жолаушылар қонақ үйге орналастырылуға, сондай-ақ әуежайдан қонақ үйге дейін және кері қарай трансфермен қамтамасыз етілуге құқылы.

Аталған мәселелер бойынша жолаушылардың FlyArystan өкілдеріне хабарласуын сұраймыз, барынша қолдау көрсетіледі.

Егер FlyArystan өкілдерімен байланысу мүмкін болмаса, әуекомпания жолаушыға қонақ үйде тұру және тамақтану шығындарын өтеуге дайын – бұл жағдайда төлемді растайтын құжаттар ұсынылуы қажет.

  • Рейс статусы 5 сағаттан артық уақытқа өзгерген болса, таңдауына қарай жолаушылар келесі нұсқалардың бірін рәсімдей алады:

üжақын арадағы рейске бір тегін қайта брондау - орындар болған жағдайда;

üқайта брондау мүмкін болмаса, толық қайтарым* алу.

 

*  Егер әуебилет ресми арналар – FlyArystan мобильді қосымшасы немесе flyarystan.com ресми сайты арқылы сатып алынған болса, "Менің сапарларым"/ "Брондауды өзгерту" бөлімшелері арқылы жолаушылар қайта брондау немесе толық қайтарымды рәсімдей алады.

FlyArystan мобильді қосымшасында, ресми сайтында немесе әуекомпания байланыс орталығы арқылы сатып алынған әуебилеттері үшін толық ақша қаражаты билетке төлем жасалған картаға қайтарылады. Банк көшірімінде бұл түсім әуебилетті сатып алу күніне сай көрсетіледі. Халықаралық банк жүйесінің стандарттары бойынша ақша аударымы 5-7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

* Егер әуебилет әуекомпания байланыс орталығында немесе басқа арналар арқылы (Aviata, Kaspi Travel, Halyk Travel туроператорлардың кассалары арқылы және т.б.) сатып алынған болса, жолаушыны сатып алу орны бойынша хабарласуын сұраймыз.

Тасымалдаушы жолаушыны межелі пунктке жеткізу мерзімін өткізіп алғаны үшін, егер мерзімін өткізіп алу еңсерілмейтін күш салдарынан орын алғанын дәлелдей алмаса, жолаушы шеккен шығындарын өтеуден басқа, егер бұл осындай мерзімін өткізіп алуға байланысты орын алған болса, мерзімін өткізіп алған әрбір сағат үшін тариф (мерзімін өткізіп алу орын алған ұшу учаскесі тарифі) құнының үш пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді. Айыппұл сомасын сатып алынған тариф (мерзімін өткізіп алу орын алған ұшу учаскесі тарифі) құнынан асыруға болмайды.Жолаушыны межелі жерге жеткізуді кешіктіргені үшін айыппұлды төлеуді тасымалдаушы жолаушының өтініші бойынша кері байланыс формасы арқылы жүзеге асырады.