• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Main Banner Almaty Marathon

Билет сатып алу

Күн

calendar

Жылдамдық ДНҚ-да болғанда: FlyArystan мен Almaty Marathon күш біріктірді

FlyArystan және елдегі ең ірі жүгіру жобасы Almaty Marathon спорттық өмір салтын қолдауға бағытталған серіктестікті бастады. Бұл бастама аясында 2025 жылдың ең ірі марафондарының қатысушылары әуебилеттерді рәсімдеуде арнайы промокодтарды қолдана алады.

2025 жылғы 20 сәуірде Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында өтетін Almaty Half Marathon 2025 көктемгі жарысына қатысушылар әуекомпанияның ресми www.flyarystan.com  сайтында әуебилеттерді сатып алу кезінде 30% жеңілдік беретін арнайы промокод алады.

Промокод жартылай марафон ұйымдастырушыларының тарапынан іс-шараға тіркелгеннен кейін қатысушыларға беріледі және арнайы ұсыныс шарттарына сәйкес келетін күндерде Алматыға/Алматыдан ұшу рейстеріне қолданылады.

Промокодты қайда енгізу қажет:

  • Промокодты енгізу жолағы төлем жасаудан бұрын – брондаудың соңғы бетінде автоматты түрде пайда болады.

Жеңілдік қандай рейстерге қолданылады:

  • Промокод FlyArystan-ның Қазақстан бойынша тікелей және тоғысатын рейстеріне қолданылады.

Қолдану шарттары:

  • Промокод бір реттік – оны қайта қолдану қарастырылмаған.
  • Жеңілдік тек әуебилет тарифіне* қолданылады.
  • Рейстерді бірден екі бағытқа жоспарлау ұсынылады.
  • Саяхат күндері марафонға дейінгі екі күнге және марафоннан кейінгі екі күнге сәйкес келуі тиіс.

Лоукостер FlyArystan стандартты тиімді тарифіне келесі қызметтер кіретінін еске салады:

  • Бір дана қолжүгі (салмағы 5 кг-нан аспайтын, өлшемдері 56×23×36 см);
  • Борттағы кездейсоқ орын.

Осы тұста, «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырған басқа ірі марафондар аясында да промокодтар жоспарланғанын хабарлаймыз. Жарыстар дәстүрлі түрде Алматы, Астана және Түркістан қалаларында өтеді.

Алдағы жарыстарға арналған промокодтар сайтпен қатар, FlyArystan мобильді қосымшасында да қолжетімді болады:

  • Astana Half Marathon – 1 маусым;
  • Almaty Marathon – 28 қыркүйек;
  • Turkistan Marathon – 26 қазан.

Сонымен қатар, әрбір марафон сөресінің алдында қатысушылар арасында лоукостер тарапынан әуебилеттері ойнатылатын болады.

*Әуебилеттерінің тарифі әуежай салықтары мен қызмет көрсету төлемдерін қамтымайды.