Қостанай
Қарағанды - Қостанай бағыты бойынша сапарға шығу қажет болса, ұшақ – қашықтықты еңсерудің жылдам және жайлы әдістерінің бірі. Қалалар арасындағы үлкен қашықтықты (1 мың км астам) ескере отырып, FlyArystan әуекомпаниясы межелі орынға өте жылдам, шамамен бір жарым сағат ішінде жету мүмкіндігін береді. Салыстыратын болсақ, осы жолды пойызбен жүріп өту үшін 11–18 сағат кетеді.
Біз кез келген қажеттілік үшін барынша тиімді ұсынысты табу мүмкіндігін беретін ауқымды функционалды ұсынамыз, ал интуитивтік тұрғыдан түсінікті интерфейс сайтты тіпті жаңадан бастап жүрген ДК пайдаланушыларының қолдануына мүмкіндік береді.
Әуебилеттерді сатып алуға көп уақыт кетпейді. Сайтымыздан бірнеше минут ішінде бағасы мен ұшу уақыты бойынша Қарағанды - Қостанай рейсінің оңтайлы нұсқасын табасыз. Әуебилеттерді сатып алу үшін күнді белгілеп, қолайлы рейс уақытын таңдап, төлқұжат деректері көрсетілген блокты толтырып, билеттер ақысын төлесе жеткілікті.
FlyArystan жолаушылары әуебилеттерді әуекомпания сайтынан сатып алудың көптеген артықшылықтарын белгілейді. Солардың ішінде:
Біз Қазақстан бойынша ең тиімді ұшу тарифтерін ұсынамыз. Лоукостерлер – бюджеттік турист үшін ең жақсы шешім. Осы бағыттардағы классикалық тасымалдаушылардың бағаларымен салыстыратын болсақ, біздің билеттеріміз көбіне екі есе арзан. Жолжүк, тамақ және басқа да қосымша қызметтер үшін артық ақы төлемейсіз. Жолжүк сатып алу қажеттігі туындап жатса немесе борттағы өзіңізге ұнайтын орынды таңдағыңыз келсе, қызметті әрдайым тұрақты баға бойынша әуебилетке қосуға болады.
Ұшақтарымызға Air Astana компаниясының жетекші инженерлері мұқият техникалық күтім жасайды. 6 жыл – FlyArystan әуежелісі ұшақтарының (Airbus А320) орташа пайдалану мерзімі.