• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Артқа

Қашқар

Алматы - Қашқар әуе билеттері: Қытайдың жаңа қырларымен танысыңыз

Ұлы Жібек жолындағы ежелгі қалаға тікелей саяхат: FlyArystan жаңа Алматы - Қашқар бағытын іске қосты, енді Батыс Қытайдың бірегей мәдениетімен танысу ыңғайлы әрі қолжетімді.

Қашқар (Каши) — көз тартар табиғаты бар, ұйғыр дәстүрі мен шығыс базарлары тоғысқан Шыңжаң орталығындағы қала. Саяхат барысында ежелгі шаһарды аралап, Ид Ках мешітін көріп, өңірдегі ең ірі базарда саналуан тағам түрлерінен дәм татыңыз. Содан соң Тянь-Шань бөктеріндегі ғажайып Қаракөл көлі мен өткеннің жібек керуен жолдарын тамашалуға аттаныңыз.

FlyArystan ең тиімді таңдау, себебі:

  • Алматыдан Қашқарға қосымша аялдаусыз тікелей рейс.
  • Саяхатты шынайы мүмкіндікке айналдыратын қолжетімді тариф.
  • Отбасылық демалысқа да, іскерлік кездесуге де ыңғайлы кесте.

Алматы–Қашғар рейсі арналады:

  • Жақындарын көруді немесе мәдени байланысты жаңғыртуды қалайтын жолаушыларға.
  • Туризм саласында жаңа аймақты танығысы келетін саяхатшыларға.
  • Шыңжаңда өз кәсібін дамытуды қалайтын кәсіпкерлер мен іскер серіктестерге.
  • Тарихи жерлер мен ерекше табиғатты сүйетін жандарға.

Билет бағасын арзан бағада алу:

Әуе билетінің бағасы бірнеше факторға сәйкес негізделеді: әуе компаниясы, саяхат маусымы және сатып алу уақыты. Ең тиімді ұсыныстарды табу үшін кеңес:

  • Алдын-ала брондау – билетті жоспарланған уақыттан 1,5–2 ай бұрын алыңыз;
  • Таңдау еркіндігі —ұшу күндерін бірнеше күнге ауыстырып көріңіз,кей жағдайда билетті бірнеше күнге ерте немесе кеш алу қаражатыңызды әлдеқайда үнемдейді;
  • Қайтар билет — round trip билеттері жеке билет бағасынан әлдеқайда арзанырақ.

FlyArystan-мен Қашғарға саяхат жайлы, тиімді және қолжетімді. Билетті алдын ала брондап, саяхатыңызды жоспарлаңыз да, тарих пен заманауи өмір бір ырғақта өрілген Шығысқа жол тартыңыз. Сапарыңыз сәтті өтсін!

Сатып алу

Күн

calendar