Артқа

Семей

Семейге әуебилеттер

Семей қаласы (2007 жылға дейін Семипалатинск деп аталған) – еліміздің шығысындағы ең көне және мәдени бай қала. Саяхатшылар бұл қалаға іскери мақсатта, сонымен қатар ескерткіш орындарын және мәдениет игіліктерін көруге келеді. Қалаға ең жылдам әрі ыңғайлы жету жолы – FlyArystan лоукостері ұсынатын Семейге ұшатын рейстер. Ұшу қайта отырғызусыз іске асырылады, билеттің құны автобуспен немесе пойызбен қосымша және ауыр сапарларды ұмытып, ұшуды таңдауға мүмкіндік береді.  

Семейге әуебилеттерді сатып алу жолы

Семейге ұшақ билеттерін брондау үшін сізге жолаушылардың төлқұжат деректері, интернет байланыс және бірнеше минут бос уақыт керек. Лоукостер сайтының іздеу бағанында бағытты, жолаушылар санын және күндерді белгілеңіз. Деректерді мұқият тексергеннен кейін билеттер ақысын төлеу үшін банк картасын пайдаланыңыз. Қосымша сұрақтар туындаса, FlyArystan байланыс орталығының мамандары сізге қуана көмектеседі. 

Кері билеттерді де кейін уайымдамау үшін бірден сатып алғаныңыз дұрыс.

Семейге рейстер: ұшу кестесі

Осы бағыттағы рейстер туралы толық ақпаратпен сайттың «Жоспарлау және сатып алу» бөліміндегі «Рейстер кестесі» парақшасында таныса аласыз. Ұшып кету және ұшып келу қалаларын көрсетіп, іздеуді бастаған кезде рейс нөмірі, ұшу ұзақтығы, ұшу мен қону уақыты туралы ақпараты бар онлайн табло экранға шығады.

FlyArystan арзан әуебилеттері

Лоукостердің ұшақ билеттерін сатып алу дәстүрлі әуетасымалдаушы билеттерін сатып алудан әлдеқайда арзан. Әуетасымалдаушылар сайтынан әуебилеттерді сатып алғанда, қосымша алымдар мен турагенттік қызметтері үшін ақы төлемейсіз. Сонымен қатар әуебилеттер құнына қосымша қызметтер кірмейді, бұл сізге керек қосымша кызметтерді өз бетіңізше белгілеп, ұшу бағасына әсер ету мүмкіндігін береді. Осы және басқа факторлар жолаушыларымыз үшін бағаны барынша тиімді етуге көмектеседі.

FlyArystan лоукостерімен ұшу артықшылықтары:

  • Ең тиімді бағаға тамаша сервис. Экипаж үнемі арнайы дайындықтан өтіп, біз қызметкерлеріміздің кәсіби біліктілігі мен дағдыларына мән береміз.
  • Ұшу уақыты ыңғайлы күнделікті орындалатын рейстер.
  • Заманауи әуепарк: рейстер Airbus 320 ұшақтарымен іске асады, олардың орташа пайдалану мерзімі небәрі 6 жылды құрайды.
  • Қосымша қызметтердің көптеген түрлері: приоритетті отырғызу, борттағы орынды таңдау, қосымша жолжүк және т. б.
  • Қауіпсіздік бірінші орында. FlyArystan Air Astana әуекомпаниясының еншілес компаниясы болғандықтан, ұшақтарға ең үздік инженерлер қызмет көрсетеді.

Қаланың көрнекі жерлері

Семейде бос уақытыңызды қаланың ең танымал көрнекі жерлеріне барып өткізіңіз:

  • Ф. М. Достоевский үй-мұражайы;
  • Невзоровтар отбасы атындағы көркем-өнер мұражайы;
  • Ағаштан құрастырылған мешіт;
  • Абай әдеби-мемориалдық үй-мұражайы;
  • Биологиялық орталық және т. б.

«Семей» халықаралық әуежайы (IATA:PLX, ICAO: UASS)

Семей әуежайынан Астана, Алматы, Өскемен қалаларына және Қазақстанның басқа да қалалары мен шет елдерге рейстер тұрақты түрде жүзеге асырылады.

Әуежай аумағында кафе, ана мен бала бөлмесі, сақтау камерасы, әуекасса және анықтама бюросы бар. Сонымен қатар әуежайда жолжүкті кірленуден және зақымдалудан қорғау үшін жолжүкті қаптау қызметі бар.

Әуежайдан орталыққа бару

Семей орталығына жету үшін, ұшып келгенде қоғамдық көлікті, такси қызметін пайдаланыңыз немесе машина жалдаңыз.

  • Қоғамдық көлік. Күнделікті сағат 06:30-дан 21:25-ке дейін жүретін № 33 автобусты пайдаланыңыз. Жол құны шамамен 80 теңгені құрайды.
  • Такси. Такси қызметінің бағасы тасымалдаушы компанияларда төмендеу болады. Әуежайдағы такси жүргізушілері әдетте бағаларды көтереді.
  • Көлікті жалға алу. Егер қалада көлікпен жүргіңіз келсе, интернеттен жалға берілетін көліктерді алдын ала тауып, шарттармен танысқан дұрыс.  

Сатып алу

Күн

calendar