Тасымалдаушының кінәсінен тыс рейс статусы өзгерген жағдайда қарастырылған шамалар

Қандай жағдайда өтемақы төленбейді

FlyArystan рейстердің кешігуі мен тоқтатылуын болдырмау үшін барлық шараларды қабылдайды, бірақ, өкінішке орай, әуекомпанияның бақылауынан тыс жағдайлар да орын алуы мүмкін. Мысалы :

  • ауа райы жағдайлары
  • табиғи апаттар
  • саяси оқиғалар
  • Ереуілдер
  • басқа күтпеген жағдайлар.

Егер рейстің кешігу себебі жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты болса, бұл әуекомпанияның еркінен және бақылауынан тыс болып табылады. Алайда, жолаушыларға қолдау ретінде, FlyArystan Тасымалдаушыға (әуекомпания кесірінен емес) тәуелді емес мән-жайлар бойынша рейс статусы өзгерген жағдайда, жолаушыларға келесі қызметтер ұсынады:

  1. Рейс статусы 2 сағаттан артық уақытқа өзгергенде — салқын сусындармен қамтамасыз ету.
  2. Рейс статусы 4 сағаттан артық уақытқа өзгергенде — ыстық тамақ.
  3. Рейс статусы 5 сағаттан артық уақытқа өзгергенде, жолаушылар орын болған жағдайда жақын арадағы рейске бір тегін қайта брондауды** жүзеге асыра алады.

 

** - Егер әуебилет компанияның ресми арналары — FlyArystan мобильді қосымшасы немесе flyarystan.com сайты арқылы сатып алынған болса, жолаушы сәйкесінше "Менің сапарларым"/ "Брондауды өзгерту" бөлімшелері арқылы ұшу күнін өзгерте алады.  

- Егер әуебилет басқа арналар арқылы (Aviata, Kaspi Travel, Halyk Travel туроператорлардың кассаларында және т.б.) сатып алынған болса, жолаушыны әуебилетті сатып алу орны бойынша хабарласуын сұраймыз.

Рейстің ұшу статусының өзгерістері жайлы жолаушыларды хабарландыру

Егер рейс кешіктірілсе, орындалмайтын болса немесе уақыты ауыстырылса, FlyArystan рейс жолаушыларын билетті сатып алу кезінде көрсетілген абоненттік нөмір бойынша және/немесе электронды пошта бойынша, өзгерістер туралы ақпарат алғаннан кейін бірден жолаушыларды хабардар ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.

Егер әуебилетіңіз туристтік агенттікте сатып алынған болса және брондауыңызда тек агенттіктің байланыс нөмірі көрсетілген болса, өзгерістер туралы хабарлама көрсетілген нөмірге жіберіледі. Бұл жағдайда рейс  өзгерістері туралы хабарлау жұмыстары  агенттіктің жауапкершілігінде.

 

Жолаушы әуебилетті брондау кезінде байланыс деректерін көрсетпеген жағдайда, қате енгізсе немесе байланыс аясынан тыс жерде болса, рейс өзгерістері туралы хабарлама бойынша FlyArystan жауапты емес.

Брондауыңызда көрсетілген деректер дұрыс және өзекті екендігіне көз жеткізіңіз.

Жолаушылар әрқашан рейс статусын FlyArystan мобилді қосымшасында немесе flyarystan.com сайтының басты парақшасында тексере алады. Сонымен қатар, бұл ақпарат әуежайдағы таблоларда көрсетіледі.

Тоғыспалы рейстер

Flyarystan рейсінің статусы өзгеруі әсерінен жолаушы басқа тасымалдаушының түйісу рейсіне үлгермегені үшін әуекомпания жауапты емес.

Егер FlyArystan рейсінің статусы өзгеруіне байланысты жолаушыны келесі түйісетін FlyArystan рейсіне (немесе аналық компаниясы Air Astana рейсіне) үлгермесе, тегін қайта брондау рәсімдеу үшін WhatsApp чат (тек жазу арқылы) +7 702 702 02 27 нөмірі арқылы хабарласуын сұраймыз.