Рейс

1 0 0
Ересектер
1
Балалар 2-14 жас
0
Сәбилер 0-2 жас
0

Рейске тіркелу

Рейске онлайн тіркелу жоспарланған ұшу уақытына 15 күн қалғанда ашылып 1 сағат қалғанда жабылады.

Рейске онлайн тіркелу жоспарланған ұшу уақытына 15 күн қалғанда ашылып 1 сағат қалғанда жабылады.

Рейс статусы

Нұр-Сұлтан (Астана) – Алматы бағытындағы ұшақ: Қазақстандағы әуеұшулар

Бүгінгі таңда, Нұр-Сұлтан — Алматы бағытында ұшақпен сапарға шығу еш қиындықсыз өтеді. Көптеген компаниялар билеттер сату қызметтерін ұсынады,бірақ өкінішке орай, ұшудың төмен бағасына кепілдік бермейді. Соңғы уақытқа дейін ұшақпен саяхаттау қымбат және осындай сапарға әркімнің қолы жете қоймас деген стереотип болды. Ал ел ішіндегі сапарларды басқа да арзанырақ көлік түрлері арқылы жүзеге асырған жөн. Шын мәнінде осылай ма? Алғашқы қазақстандық FlyArystan лоукостері нарыққа шыққаннан кейін, ел бойынша ұшақпен саяхаттау одан әрі нақты және қолжетімді болды. Лоукост көпшілік қолданатын бағыттарға билеттерді тиімді бағамен ұсына отырып, әуебилеттердің бағасы жоғары болады деген қалыптасқан ойды жоққа шығарды. Дүниежүзін көру үшін ақша жинаудың немесе әуетасымалдаушылардан акциялар мен жеңілдіктерді іздестіріп, тиісті сәтін күтіп отырудың қажеті жоқ.

Алматы саяхатшылар арасында бұрыннан танымал болып келеді: олар бұл қалаға қызықты оқиғалар іздеп, көрікті жерлерін көруге, демалуға, қонаққа және іскерлік келіссөздерге қатысу үшін аттанады Өз уақыты мен ақшасын үнемдеу керек дегенде саяхатшылардың ойы бір жерден шығады. FlyArystan әуекомпаниясы Нұр-Сұлтаннан Алматыға әуебилеттерді ең төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтан – Алматы ұшағына билет сатып алу жолы

Алматыға жер бетіндегі көлікпен шамамен 21 сағатта жетуге болады, ал FlyArystan ұсынатын Нұр-Сұлтан – Алматы әуеұшуын таңдасаңыз, бұл небары 1 сағат 40 минут уақытыңызды алады. Жақсы көңіл күйіңіз бен нағыз саяхат беретін әсерлерді поезбен немесе автобуспен жүріп, ұзақ жолмен бұзбаңыз. Күні мен уақыты бойынша тиісті рейсті таңдау үшін FlyArystan сайтындағы іздеу қызметін пайдаланыңыз. Бронь қойған кезде ұшудың күні мен уақытын, жолаушылар саны мен олардың төлқұжат деректерін, қосымша қажетті қызметтерді көрсету жеткілікті болады. Содан кейін деректеріңіздің дұрыстығын тексеріп, билетті онлайн төлеу керек болады. Түсінуге оңай болатын интерфейс арқылы, бронь қою жүйесімен жұмыс істеу машықтарыңыз болмаса да, әуебилеттерді бірнеше минут ішінде ресімдей аласыз.

Нұр-Сұлтан (Астана) – Алматы бағытындағы арзан әуебилеттер

Тәжірибелі саяхатшылар ұшаққа ақшаны қалай үнемдеуге болатынын біледі Әуебилеттерді FlyArystan сайтында сатып алу көп уақытыңызды алмайды, ал бағалар көп көрген саяхатшыларды да таңғалдырар. Біз сіздің ең төменгі бюджетке ең жоғары сервис алуыңызды ойластырдық.

Сонымен бірге ұшаққа билеттер бағасын төмендетудің әртүрлі іс жүзінде тексерілген тәсілдерді бар. Біз сіз үшін олардың ең тиімдісін және ең көп қолданылатынын жинадық. Ең арзан әуебилеттерді сатып алу үшін біздің кеңестерімізді пайдаланыңыз:

Нұр-Сұлтан – Алматы рейстері

Ұшудың қолжетімді нұсқасын таңдау үшін біздің сайтымыздағы Нұр-Сұлтан – Алматы ұшақтар кестесін пайдаланыңыз. Бүгінгі таңда бұл бағыт бойынша рейс күнде жіберіледі. Өз қажеттіліктеріңізге қарап, ыңғайлы ұшу уақытын таңдаңыз: сағат 12:10 немесе 16:55. Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшу шамамен екі сағат алады. Әуежайға келуіңізді алдын ала – отырғызуға дейін 2-3 сағат бұрын болатындай жоспарлау керек екенін ұмытпаңыз.