Priority Boarding Banner Kz Inside Bann

Билет сатып алу

Күн

calendar

Приоритетті отырғызумен шығу есігінде кезекте тұрмай-ақ ұшаққа бірінші болып кіріп өз орныңызға жайғасыңыз.

Науқан кезінде «Приоритетті отырғызу» қызметін сатып алғанда, бонус ретінде +5 кг қол жүгі беріледі (ұшақ салонына алынатын барлық заттарды бір сөмкеге біріктіру/салу қажет).

Ұшақ салонында рұқсат етілген қолжүгінің өлшемдері қауіпсіздік талаптарына сәйкес шектеулі болып табылады; FlyArystan жолаушылары 56 x 23 x 36 см-ден аспайтын және салмағы 10 кг-нан аспайтын бір қолжүк данасын алып жүре алады.

Отырғызу басталған кезде біздің қызметкерлеріміз приоритетті отырғызу қызметі бар жолаушыларды ұшақ бортына бірінші болып өтуді сұрайды, ол үшін сізге ұшуға дейін 40 минуттан кешіктірмей отырғызу аймағында бірінші жолаушылардың қатарында болу қажет.

Қалай сатып алуға болады:

  • Билетті сатып алу барысында flyarystan.com немесе FlyArystan App қосымшасы арқылы;
  • Ресми сайттағы "Жүк, орын, тағам" бөлімі арқылы брондалған билетке қызмет қосу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ flyarystan.com немесе FlyArystan App қосымшасындағы "Менің брондауым" бөлімі арқылы.

*Сілтемені басып, тарифтер мен алымдар туралы ақпаратпен таныс болыңыздар.

Арнайы көмекті қажет ететін, сәбилері бар ата-аналар, жүкті әйелдер, қарт жолаушылар тіркеу бағанасына және отырғызуға кезектен тыс өте алады.

Отырғызудың басталу уақытын жіберіп алмау үшін қону аймағындағы хабарландыруды мұқият тыңдаңыз.

Ережелер мен шарттар
  • Сіз қозғалыс мүмкіндігі шектеулі жолаушылардан кейін ұшаққа отыруға шақырыласыз.
  • Отырғызу әуе кеменің басымдық пен аймақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
  • Қызметті ұшаққа отырғызу алаңында немесе отырғызу кезінде сатып алуға болмайды.
  • Қызметті үшінші тұлғаға беру мүмкін емес.
  • Әуежай қауіпсіздік бақылауында қандай да бір мәселелер туындаса немесе сіз өзіңіздің жеке жұмыстарыңызбен басымдылық отырғызуға кешіксеңіз, сіз отырғызу талонында көрсетілген аймаққа сәйкес кезекке тұрасыз. Ондай жағдайда отырғызу басымдылығы қызметінің төлемі қайтарылмайды;
  • Отырғызу басталғанға дейін 40 минуттан кешіктірмей отырғызу аймағында болуыңыз керек және отырғызуға бірінші болып келуіңіз қажет;
  • Әуекомпания приоритетті отырғызу қызметі бар жолаушыларды аты-жөні арқылы шақырмайды;