Саяхат туралы ақпарат


Сақтандыру

FlyArystan авиакомпаниясы Nomad Insurance серіктестігімен қосымша қызмет ретінде ұшу кезінде жолаушыларды ерікті түрде сақтандыру қызметін ұсынады.

Жолаушылар ыңғайына қарай, сақтандырудың екі түрі ұсынылады: «Базалық» пен «Толыққан» сақтандыру.

«Базалық» сақтандыру

Біржақты

Екіжақты

Ұшу кезіндегі сақтандыру

Рейстің кешіктірілуі салдарынан жоспарланбаған шығындардан сақтандыру

Сақтандырудың жалпы сомасы

650 000 теңге

650 000 теңге

 

«Толыққан» сақтандыру

Біржақты

Екіжақты

Ұшу кезіндегі сақтандыру

Рейстің кешіктірілуі салдарынан жоспарланбаған шығындардан сақтандыру

Сапардан мүдделі түрде бас тартудан сақтандыру

Жүктің жоғалуынан сақтандыру

Паспорт, куәліктің жоғалуынан сақтандыру

Сақтандыру жалпы сомасы

970 000 теңге

970 000 теңге

Сақтандыру объектісіне Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін Сақтанушының (Сақтандырылушының) Сақтанушыда/Сақтандырылушыда туындаған қосымша күтпеген шығындармен (залалдар) байланысты мүліктік мүдделері жатады:

  • Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ мемлекет аумағынан тыс жерлерге Сақтанушының/Сақтандырылушының еркіне байланысты емес объективті себептермен сапарға шығу мүмкіндігінің болмауы;
  • Тасымалдау кезінде жолжүгінің амандығына жауапкершілік тасымалдаушыға өткен сапар барысындағы жолжүгінің толықтай жоғалуы, зақымдалуы;
  • Сақтанушы/Сақтандырылушы әуе кемесінде болған уақытында жазатайым жағдай нәтижесінде оның денсаулығына зиян келуі, сондай-ақ оның қаза табуы;
  • Рейс кідірістері;
  • Жоғалған құжаттарды қалпына келтіру.

Сақтанушы: Сақтандырушымен Сақтандыру полисін жасаған тұлға. Сақтанушы бір мезгілде Сақтандырылушы да бола алады.

Сақтандырылушы: Оған қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға.

 

Сақтандыру жағдайларының сипаттамасы:

Секция 1: Жүктің жоғалуынан сақтандыру

Сақтандырылушының жолжүгі толығымен жойылуы (жоғалуы), зақымдалуының  Нәтижесінде шығындары тиісті құжаттармен расталған  болжанбаған, кенеттен және абайсызда орын алған оқиға.

Жолжүгі сақтандыру талаптары Сақтандырылушының барлық жолжүгіне таралады, төмендегілерден басқаларына:

  • Ақша, құнды заттар, құнды қағаздар;
  • Қымбат металдар құймасы, жиектемесіз асыл және жартылай асыл тастар;
  • Антиквар және бірегей бұйымдар, өнер туындылары мен коллекция заттары (ғылыми, тарихи және көркемдік қызығушылықпен, сондай-ақ әуесқойлық мақсатта жиналған қандай да бір біртектес заттар (маркалар, күнтізбелер, белгішелер, өсімдіктер және т.б.) жинақтары;
  • Жол жүру құжаттары, төлқұжаттар мен кез келген құжат түрлері, слайдтар, фотосуреттер, фильм көшірмелері;
  • Қолжазбалар, жоспарлар, схемалар, сызбалар, үлгілер, іскерлік қағаздар;
  • Кез келген протез түрлері;
  • Жанаспалы линзалар;
  • Қол және қалта сағаттары;
  • Жануарлар, өсімдіктер мен тұқымдар (ұрықтар);
  • Діни нысандар.

Сақтандыру сомасы: 100 000 (жүз мың) теңге.

Секция 2: Ұшу кезіндегі сақтандыру

  1. Сақтандыру қорғанысы қолданылу мерзімінде орын алған жазатайым жағдай нәтижесіндегі Сақтандырылушының қазасы;
  2. Сақтандыру қорғанысы қолданылу мерзімінде орын алған жазатайым жағдай нәтижесіндегі Сақтандырылушының жарақаты (зақым).

Жазатайым жағдайға Сақтандыру полисінің қолданылу мерзімінде адамның еркіне қарамастан Сақтандырылушының денесіне механикалық, электрлік, химиялық немесе термиялық ықпал әсерінен кенет орын алған, жарақат немесе өлімге апарып соққан  қысқа мерзімді оқиға.

Сақтандыру сомасы: 500 000 (бес жүз мың) теңге.

Секция 3: Сапардан мүдделі түрде бас тартудан сақтандыру

Сақтанушы/Сақтандырылушыда тұрақты тұру мекенжайынан тыс жерге сапардың жүзеге аспай қалуымен байланысты шығындар пайда болуына әкеліп соққан оқиға.

Оларға Сақтандыру полисі өз күшіне енген соң орын алған және құзыретті органдармен берілген құжаттармен расталған келесі оқиғалар жатады:

  1. сақтандырылушының қазасы, госпитализациясы;
  2. сақтандырылушыда жазатайым оқиғаның нәтижесінде туындаған ауыр және орташа ауырлық дәрежелі жарақаттары, бірақ сақтандыру қорғанысы қолданылу мерзімінде жоспарланған сапарды іске асыруға медициналық қарсы көрсетім бар болса ғана;
  3. сақтандыру қорғанысының қолданылу мерзіміне тура келген Сақтандырылушы Сақтандыру полисі өз күшіне енген соң қабылданған сот актісі бойынша соттың сәйкес мөрі бар ресми құжаттарды ұсыну арқылы қатысушы болып табылатын соттың істі қарауы;
  4. сақтандыру полисі өз күшіне енген соң Сақтандырылушыны шұғыл түрде әскер қатарына немесе әскери жиынға шақыру, сақтандыру полисін жасағанға дейін Сақтандырылушы шақыру туралы білген жағдайда сақтандыру ұйымына шұғыл әскер қатарына немесе әскери жиынға шақыру туралы хабарламаса;
  5. Ссқтандырылушының виза алмауы (рұқсатнама беруден бас тарту), тағайындалған мемлекет консулының талаптарына сәйкес рәсімдеуге қажетті құжаттарды уақтылы ұсынған жағдайда;
  6. виза алу немесе уақтылы алудың кешеуілдеуі, тағайындалған мемлекет консулының талаптарына сәйкес рәсімдеуге қажетті, сәйкес қолтаңбалар мен консылдың мөрі бар құжатпен расталған құжаттарды уақтылы ұсынған жағдайда;

Сақтандыру сомасы: 200 000 (екі жүз мың) теңге.

Секция 4: Рейстің кешіктірілуі салдарынан жоспарланбаған шығындардан сақтандыру

Сақтандыру жағдайына екі сағаттан аса уақытқа авиарейс кідірісін тудырған жағдайлар жатады:

  1. Қолайсыз табиғи жағдайлар: рейсті жүзеге асыруға бөгет болған тұман, жаңбыр, қар басу, дауыл, көктайғақ;
  2. Мемлекеттік органдардың талаптары (иммиграциялық қызмет, лаңкестікке қарсы күрес бойынша ведомство, кеден қызметі, шекаралық қызмет және т.б.);\
  3. Ауа кемелерінің механикалық немесе техникалық зақымдаулары немесе авиакомпанияның кесірінен рейстің жүзеге асуына кедергі келтіретін жағдайлар;

Осы тәуекел бойынша шекті лимит кідіріс уақытында іс жүзінде жүзеге асырылған және сақтандыру сомасының шеңберіндегі құжаттармен расталған шығындар, тасымалдау басталған соң алғашқы 2 сағаттан кейінгі кідірістің әрбір толық сағаты үшін, бұл жағдайда толық емес сағат аз жаққа (1-29 минут) немесе көп жаққа (30-59 минут)  толық сағатқа дөңгелектеледі.

Осы тәуекел бойынша өтелетін шығындардың шекті лимиті сағатына 2500 тенге құрайды, бірақ жиынтығы сақтандыру Ережелеріндегі сақтандыру сомасынан аспайды.

Өтелуге Сақтандырылушының төмендегі шығындары ғана жатады:

  • Жақын туысқандарына қоңырау шалуға кеткен шығындар;
  • Жақын туысқандарына электронды пошта бойынша хабарлама жіберуге кеткен шығындар;
  • Алкогольсіз сусынға шығындар;
  • Тамаққа кеткен шығындары;
  • Рейстің алты сағаттан аса уақытқа кідірісі кезінде қонақ үйде орналасу шығындары;
  • Қосымша сервистік қызметтердді қолдану шығындары: интернет, ақылы анықтамаларды пайдалану;
  • Жолжүгін сақтау шығындары;
  • Сақтандырылушының аэропорттан тұрақты/уақытша мекенжайына дейінгі (және қайту) сапарының көлік шығындары, жоғарыда аталған лимит шеңберінде, бірақ 8 000 тенгеден аспайуы тиіс.

Сақтандыру сомасы: 150 000 (жүз елу мың) теңге.

Секция 5: Паспорт, куәліктің жоғалуынан сақтандыру

Сақтандыру жағдайы деп нәтижесінде Сақтандырылушының шетелдік төлқұжатының немесе/және жеке куәлігінің жойылған немесе жоғалған кенет, күтілмеген және абайсызда орын алған нақты оқиға саналады.

Сақтандыру сомасы: 20 000 (жиырма мың) теңге.

Сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі:

Сақтандыру полисі белгілі және мәлімделген шығындарсыз Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген жағдайда, полисте көрсетілген күннен бастап күшіне енеді.

Сақтандырумен өтеледі:

Секция 1: Жылжымалы мүлік (жолжүгін сақтандыру): тәуекелді өтеу Сақтандырылушының жолжүгін авиатасымалдаушы қабылдаған сәтте басталады және жолжүгінің Сақтандырылушыға беру кезіне дейін әрекет етеді; Секция 2: Жолаушыларды ұшу кезінде жазатайым жағдайлардан сақтандыру: тәуекелді өтеу билетте көрсетілген жөнелту уақытынан 3 сағат бұрын басталады және жүру жолы бойында, түйісу пунктілерін қоса алғанда (6 сағаттан көп емес) әрекет етеді, және Сақтандырылушы соңғы белгіленген пунктке келген соң үш сағат ішінде, бірақ сақтандыру қорғанысының күшіне енуінен 24 (жиырма төрт) сағаттан аспайтын уақытқа дейін әрекет етеді.

Секция 3: Сапардың жүзеге аспай қалуымен байланысты қаржылық шығындар: сақтандыру Полистің қолданылу мерзімінің басталған уақытында және жолаушыларды тасымалдау басталу уақытына дейін орын алған сапардың жүзеге аспауынан келтірілген (Ережелерде атап көрсетілген) шығындарды өтейді. Сақтандыру өтелімі авиабилетті сатып алу кезінде берілген тиісті бронь нөміріне сәйкес иеленген авиабилетке ғана жүреді.

Секция 4: Рейстің кідірісіне байланысты қаржылық шығындар: сақтандыру авиабилетте көрсетілген болжалды жөнелтілу уақыты мен Сақтандырылушының нақты жөнелтілу уақытына дейінгі мерзімді қамтиды. Сақтандыру қорғанысы бронь нөміріне сәйкес авиабилетте көрсетілген барлық ұшуларын қамтиды.

Секция 5: Жоғалған құжаттарды қалпына келтірумен байланысты қаржылық шығындар: сақтандыру орналасу мемлекетіне келу сәтінен бастап, қайта қайту уақытына дейінгі (Ережелерде атап көрсетілген) шығындарды өтейді.

Сақтандыру аумағы: Қазақстан Республикасы мен авиабилетте көрсетілген орын ауыстыру бағытының шеңберіндегі аумақ.

Сақтандыруды қайтару және өзгерту ережелері

Қайтару

Сақтандыру құны тек билетпен бірге қайтарылады. Сақтандыру құнын ұшуға ең кемінде 6 сағат қалғанда «Номад Иншуранс» сақтандыру компаниясының сату кеңселерінде ғана қайтаруға болады.

* Билетті қайтару ережесі таңдалған тариф түріне байланысты. Басқа қосымша қызметтердің құны қайтарылмайды.

«Номад Иншуранс» компаниясының филиалдарының мекен-жай тізімімен сілтеме арқылы танысуға болады.

Өзгерту

Сақтандыруды басқа күнге ауыстыру мүмкін емес. Билетті  басқа күнге брондаған жағдайда сақтандыруды қайтадан сатып алу қажет. Сақтандыру келісімшартын бұзу «Номад Иншуранс» ресми кеңселері арқылы ғана жүзеге асырылады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 2233 нөмірі арқылы «Номад Иншуранс» байланыс орталығына хабарласыңыз (қоңырау шалу тегін).

Жолаушыларды кешенді сақтандырудың толық ережелері