Алматы
2019 жылдың мамыр айынан бастап кез келген адам Павлодардан Алматыға ұшу сапарларына артық ақша төлемей жете алады. Бұл мүмкіндікті қазақстандық алғашқы FlyArystan лоукостері беріп отыр. Ұшу – саяхаттаудың қымбат жолы және оған әркімнің қолы жете бермейді деген пікір қазір өзектілігі жоғалған стереотип болып келеді.
Павлодар мен Алматы арасындағы рейстердің жиілігі аптасына 14 рейске дейін арттырылды - күніне екі рейс.
Алматыға бару мақсаты көрнекі орындарды көру болсын, іскерлік сапар болсын, хикая іздеу болсын, ешкім артық ақша мен уақытты шығындағысы келмейді.
Ұшу ұзақтығы 180 жолаушы сыйатын Airbus 320 әуелайнерінде екі сағатқа жетпейді, сондықтан Павлодар-Алматы тікелей әуерейстері пойызбен немесе машинамен 1 449 км саяхаттаудан әлдеқайда ұтымдырақ, өйткені ондай саяхаттауларға тәуліктен астам уақыт жұмсап, шаршайсыз. Бұл маңызды келіссөздер, кіріс емтихандары және жарыстар алдында шешуші фактор болуы мүмкін. Сапарыңыздың мақсаты тіпті Алматының көрнекі жерлерін көру ғана болса да, ол кезде күш-қуатқа толы болған жақсырақ.
Сонымен қатар Алматы қаласының әуежайы қала орталығынан небәрі 15 км қашықтықта орналасқан, сондықтан ол жердегі қонақүйге жарты сағаттан аз уақытта жетуге болады.
Павлодардан билет сатып алу үшін тиісті ұшу күнін белгілеу керек. Одан кейін FlyArystan сайтынан жолаушылардың қажетті санын таңдап, қажетті қосымша қызметтер тізімін анықтап, төлқұжат деректерін толтыру керек. Енді енгізілген мәліметтің дұрыстығын тексеріп, электрондық билет ақысын төлеу ғана қалады. Сайттың интерфейсі қарапайым әрі түсінікті, сондықтан ешкімде қиындық туындамайды.
Саяхатыңыз үнемдірек болуы үшін төмендегі кеңестерге құлақ асқан жөн:
Алғашқы қазақстандық лоукостер FlyArystan Air Astana әуетасымалдаушысының еншілес компаниясы болып табылады. Барлық тасымалдаулар халықаралық қауіпсіздік стандарттарына және әуемен ұшу ыңғайлылығына сәйкес келеді. Airbus 320 ұшақтары қазіргі заманның жоғары стандартты, сапалы және үнемді ең үздік тарфюзеляжды ұшақтардың бірі болып саналады, сондықтан олар кіші және орташа қашықтықтардағы үздік лайнерлер болып табылады.