МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
FlyArystan әуекомпанияның ___ ______ 20__ жылғы FS ___ рейсіне қатысты төтенше жағдай орын алғанын өкінішпен растайды.
Жолаушыларымыздың, экипаждың және олардың отбасыларының қауіпсіздігі мен қолдау сезінуін қамтамасыз ету біздің басты құндылығымыз болып қала береді.
Туыстары мен жақындары үшін
• Сенім телефоны: Ақпарат алу үшін +7 727 244 55 52, 8 800 080 0440 нөмірі бойынша бізге хабарласыңыз.
• Көмек орталықтары: Біздің қолдау орталықтарымыз келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:
Ресми ақпарат
Сенімді ақпарат осы сайтта және әлеуметтік желілердегі біздің ресми парақшаларымызда жарияланатын болады:
БАҚ сұрақтары бойынша pr@flyarystan.com хабарласуыңызды сұраймыз
Алматы
Ақтөбеден Алматыға сапар жоспарлаудасыз ба? FlyArystan әуекомпаниясы Ақтөбе — Алматы бағытындағы тікелей рейстерге ұтымды бағаға билеттер ұсынады! Қазақстанның ең ірі қаласына Airbus A320 заманауи ұшақтарымен жылдам, ыңғайлы әрі тікелей ұшыңыз. Ақтөбе — Алматы рейстерінің ұшу кестесі: тамыз айында аптасына 6 рет (сәрсенбіден басқа), күз-қыс кезеңінде жиілік аптасына 3–4 рейске дейін азаяды. Ұшу уақыты — шамамен 2,5 сағат. Ыңғайлы кесте іскерлік сапарлар мен туристік саяхаттарды оңай жоспарлауға мүмкіндік береді. Ерте брондап, көбірек үнемдеңіз!
Билетті онлайн бірнеше қарапайым қадаммен сатып алуға болады:
Алматы — Қазақстандағы ең ірі қала. Көпғасырлық тарихы мен ерекше мәдени, сәулет және табиғи мұрасы бар бұл шаһар саяхатшыларды өзіне тартып тұрады. Іле Алатауының баурайында орналасқан Алматы — айрықша атмосферасымен, жарқын келбетімен және көркем табиғатымен ерекшеленеді.
Халықаралық Алматы әуежайынан (ALA) қала орталығына нөмірі № 92 немесе № 3 автобустарымен жете аласыз — жолақысы 120 теңге (ONAY! картасы, мобильді қолданбасы немесе SMS арқылы төлеу кезінде). Таксимен жету — тәуліктің уақыты мен қызмет көрсетушіге байланысты — шамамен 3500–5000 теңге.
Ақтөбеден Алматыға арзан әуебилет алып, Алматыдағы ерекше орындарды өз көзіңізбен көріңіз:
Ақтөбеден ұшатын барлық рейстерді қарау
FlyArystan — Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Ол өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап FlyArystan өз сертификатымен, FS коды бойынша тәуелсіз әуекомпания ретінде қызмет көрсетуде. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен кең ауқымды маршруттар желісі бойынша рейстер орындайды. FlyArystan маршруттар желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023, 2024 және 2025 жылдары үш рет Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы деп танылды.